"Құрбанды кінәлі етіп көрсетеді": Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі абьюзер еркектің өзгешеліктерін атады

Аиса Махамбет Редактор
06.04.2024, 13:29
1953
"Құрбанды кінәлі етіп көрсетеді": Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі абьюзер еркектің өзгешеліктерін атады жеке парақшасынан

Әйелін өлтірлді деп айыпталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың экс-келіншегі Назым Қаһарман абьюзерлік қарым-қатынасты қалай анықтауға болатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, көп оқырман Назым Қаһарманнан абьюзерлік қарым-қатынастан қалай құтылып, аман қалу керегін сұрап жатқан көрінеді. 

“Бәріне бірдей жауап беру, көмектесу мүмкін емес. Мен бүгін нақты сөздер мен әрекеттерге тоқталып, өз ойларыммен, тәжірибеммен бөлісемін деп шештім. Маңызды дүниелер туралы айтпақпын”, – деп жазды экс-министрдің бұрынғы әйелі.

Назым Қаһарман Салтанат Нүкенова мен Қуандық Бишімбаевтың жазған хабарламасынан мысал келтірді. Онда Бишімбаев Салтанатқа дезодорантқа тапсырыс бермегенін, еске салып: “Әдеттегідей, ұмытып кеттің бе?” деп сұрайды. 

“Түрлі жағдай болуы мүмкін. Бірақ манипулятор құрбаны өзін кінәлі сезініп, оны ұялту үшін осы сөзді қолданады. Бұл сөздерді ол құрбанының жауабын тыңдамастан, оны құнсыздандырады. Тапсырыс берсе де, бермесе де ол үшін құрбан кінәлі. Негізі ондай дүниелерді адам өзі де істейді (тапсырыс береді). Бірақ мұндай істерді ол істемейді. Абьюзердің мақсаты – құрбанды құрығына түсіріп, оның қанын ішу”, – деп жазды ол. 

Назымның айтуынша, ерлі-зайыптылардың қарым-қатынысын талқылауы, жанжал ұрыс-керісті көргенде абьюзер қан көрген вампирдей болады. 

“Ол солай өмір сүреді. Құрбанының қанын ішіп, қоректенеді. Арада біраз уақыт өткен соң оның жыры қайта басталады. “Махаббатты" ауырсыну, қорқыныш, көз жасы, азап, жанжал арқылы дәлелдеу. Бірақ мұның өзі жеткіліксіз болады. Өйткені ол бәрібір тырнақ астынан кір іздейді. Абьюзер өзінің абьюзер екенін ешқашан мойындамайды. Өзі үшін ол керісінше, құрбан және соны барынша дәлелдеуге тырысады”, – дейді Назым Қаһарман.

Назым Қаһарман Қуандық Бишімбаевтың Салтанат Нүкенованың өлімінен кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

“Психологиялық теория мен тәжірибеге сүйенсек, әдетте, суицид жасайтыны туралы ешбір адам жарияға жар салып, ескертпейді. Абьюзерлер дәл осылай істейді. Олар бұл әрекеттерін жақындары түсінбей дал болады. Манипулятор өзінің шынайы ниетін жасырады. Олар осы ісі арқылы жанындағыларды бопсалап, манипуляция жасайды”, – дейді Назым.

Ол абьюзердің негізгі белгілері мен олардың қолданатын әдіс-тәсілдері туралы айтты.

“Қорқытады, сені кінәлі ғып көрсетіп, ұялтады. Құрбанын өзіне тәуелді етіп, мойынсұнуға мәжбүрлейді. Бұл аталғандар көмектеспесе, құрбанның тарапынан өзіне деген аяушылық сезімін оятуға тырысады”, – дейді экс-министрдің бұрынғы әйелі.

Назым Қаһарман “Неге Салтанат Қуандықпен арасын үзбеді?” дегендерге жауап берді.

“Абьюзерге “жоқ” деп айтпас бұрын, құрбан іштей жайлылық, қорқыныш, ұят және аяушылық сезімімен жұмыс істейді. Мұндай сәтте адам өзін таңдай білу керек. Қарым-қатынасты тоқтатуға күш таба білу керек”, – дейді ол.

Сондай-ақ ол өз қателігін білсе де, Бишімбаевтің кешірім сұрамауына қатысты пікір білдірді. 

“Классика! Бәріне сен кінәлісің, тек қана сен. Мен де осы бір адамға сенім ұялататын сөздерді тыңдап, өзімді кінәлі сезінгендей болғанмын… Ал ол керемет, мінсіз емес. Бірақ бәріне кінәлі менмін ғой”, – деп бұрынғы күйеуінің қандай екенін ашық айтты Назым. 

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады