Жетісу университетінде Huawei ICT академиясы ашылды

06.04.2024, 15:18
829
Жетісу университетінде Huawei ICT академиясы ашылды Ғылым және жоғары білім министрлігі

Академия арқылы IT және телекоммуникация саласында жоғары білікті мамандарды даярлау көзделген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Huawei ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар академиясының ашылуы өтті.

Шараға Жетісу облысы білім басқармасының басшысы Сүлейменов Марат, Цифрлық және мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру департаменті директорының орынбасары Ұлан Несіпқалиев, ЖУ университетінің оқытушылары мен студенттері, Huawei компаниясының өкілдері қатысты. Университет пен компания арасында ынтымақтастық орнату жөніндегі меморандумға ЖУ Басқарма төрағасы-ректор Ермек Бурибаев пен Huawei Technologies Kazakhstan компаниясы  бас директорының орынбасары Xu Hai қол қойды.

Меморандумда IT және телекоммуникация саласында жоғары білікті мамандарды даярлау, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, ғылыми зерттеулер жүргізу және инновациялық өнімдер жасау  көзделген.

«Huawei Technologies Co. Ltd. - телекоммуникация саласындағы ірі  компаниялардың бірі. Біз әлемдегі барлық университеттерге өз қызметімізді ұсынамыз.

Бұл академия студенттерді  инфокоммуникациялық технологиялар саласында тереңірек оқыту үшін әзірленген   халықаралық білім беру бағдарламасы.  Huawei академиясының Жетісу университетінде ашылғанына өте қуаныштымын. Алдағы уақытта нәтижелі жұмыс істейміз деп сенемін» -деді Xu Hai мырза.

Huawei орталығы заманауи телекоммуникациялық құрылғылармен және бағдарламалық өнімдерімен толық  жабдықталған. Академияда Жетісу университетінің студенттері, IT саласының мамандары  ақпараттық технологиялар мен телекоммуникация бойынша білім алып, біліктілігін арттыратын болады. Сонымен қатар университет оқытушылары мен студенттері Huawei компаниясының бөлімдерінде тағылымдамадан, өндірістік және ғылыми-зерттеу тәжірибелерінен өте алады.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады