Белгілі актер Оразхан Кенебаев дүниеден озды

Аиса Махамбет Редактор
06.04.2024, 19:16
1142
Белгілі актер Оразхан Кенебаев дүниеден озды ашық дереккөзден

Әртістің қазасын театр естіртті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Бүгін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері Оразхан Кенебаев қайтыс болды. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі жазды. 

Қаралы хабар М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды.

"Бүгін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық театрының қоюшы-режиссері Оразхан Сәдуақасұлы Кенебаев дүниеден озды. 

Марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып қөңіл айтамыз", - делінген жазбада. 

Оразхан Кенебаев 1950 жылы 16 наурызда Талдықорған облысы Андреев ауданы Төңкеріс ауылында дүниеге келген. 

"Абай" (Оразбай), "Абылай хан" (Қалдан шері, Орыс елшісі), "Ревизор" (Дуанбасы), "Томирис" (Балхаш), "Қамар сұлу" (Омар), "Махаббаттың ғажап әні" (Қожақ), "Ат жылаған түн" (Төраға), "Құдалар" (Момын), "Мөлдір махаббат" (Әбутәліп) және басқа спектакльдерде ойнаған. 

"Мосфильм" киностудиясының "Дивизия командирінің күні" (Барлаушы), "Қазақфильм" киностудиясының "Әлия" (Солдат), "Өтелмеген қарыз" және басқа кинофильмдерге түскен. 

Ерке Есмаханның тұңғышы АҚШ-қа аттанды Трамп: «Мен Хаменейді масқара әрі ауыр өлімнен құтқардым» «Мен бәрін тоқтаттым»: Төреғали Төреәлі сахнадан кетті Иранда генералдар мен ядролық ғалымдар жерленді Ақтөбеде ер адам немересімен бірге суға батып кетті 5 жасар қыз баланы зорлаған 70 жастағы қария ұсталды Дәретханада қаза болған Мирас Мәлік оқыған мектептің директоры жұмысына қайта оралды Енді Америкада дүниеге келген сәбилерге автоматты түрде азаматтық берілмейді Алматыда тұрғындар көршісінің «балконнан боқ төгетінін» айтып шағымданды «Ерлі-зайыптының мәйіті табылды»: Ресей Одессаға соққы жасап, адамдар қаза тапты Үкімет Арқалықтағы жылу желілері жаңартуға 250 млн теңге бөлді Еуропа түгел отқа орануы мүмкін: Бірқатар елдерді бұрын-соңды болмаған аптап ыстық жайлады Қыз ұзатуға келген қонақтардың жаппай улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды Путин Украинамен келіссөздердің үшінші кезеңіне дайын екенін жеткізді Журналистерге Президент пәтер берді «Канада сес көрсетті»: Трамп Канадамен сауда келіссөздерін тоқтатты Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады? Досымжан Таңатаров мінген көліктің дөңгелегі тасжолда ұшып кеткен (ВИДЕО) Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанбақ (ВИДЕО) Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр?