"Айғайлап, дауыс көтерудің қажеті не?": Журналист Гүлбану Әбенова Бишімбаев сотындағы прокурор Айжан Аймағанованы қатаң сынға алды

Аиса Махамбет Редактор
07.04.2024, 10:52
1114
"Айғайлап, дауыс көтерудің қажеті не?": Журналист Гүлбану Әбенова Бишімбаев сотындағы прокурор Айжан Аймағанованы қатаң сынға алды ашық дереккөзден

Журналист Гүлбану Әбенова экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотындағы прокурор Айжан Аймағанованы қатаң сынға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандықтар Бишімбаев сотын қадағалап отыр. Көпшілік мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанованың қызметіне тәнті болып, желіде жағымды пікірлер жаза бастады.

Бірі оны “әділеттілік үшін күресуші”, “халықтың батыр қызы”, “мінезді” деп сипаттады. Десе де Әбенова прокурорды сынап, оның сұрақтары орынсыз екенін, өзін ұстай алмайтынын айтып жазды.

“Қыздар, күлкімді келтірмеңдерші. Көрінгенді батыр қылу не әдет? Соғыс кезінде жанын берген Молдағұлова қайда және мына прокурор әйел қайда? Қазақтың қайсар қызын тауыпсыздар”, – деді ол Facebook-парақшасында.

Журналист прокурордың айыпталушылардың адвокаттарына деген көзқарасына шүйлікті.

”Прокурорлардың жұмысы үшін біз салық төлейміз емес пе? Процесті жүргізіп жатқандары мынау. Олар нақты іс бойынша айғақпен жүргізгендерін қалаймын. Бұл “халықтың батыр қызы” айыпталушының қорғаушыларына халық жауы ретінде қарайды. Қолына қару берсең, қырып салатындай. Куәгерлермен қылмыскер сияқты сөйлеседі. Олардың кәсіби түрде жұмыс істеп жатқандарына күмәнім бар”, — деді журналист.

Сөзінше, Аймағанова эмоцияға жиі беріледі.

“Адвокаттармен дауласып, айғайлап, дауыс көтерудің керегі не? Долы әйел сияқты. Ол мемлекеттің өкілі! Ол темірдей ұстамды және анық сұрақтар қоюы керек. "Не сұрағым келгенін ұмытып қалдым, сөзімді бөліп жіберді” дегені несі. Шатасуға болмайды”, – деді Әбенова.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады