1411

«Халықты неге қонақ үйге орналастырмайды?»: Нұрболат Абдуллин су тасқынында үйсіз қалған халықтың мұң-мұқтажын жеткізді

Әнші әр өңірге эвакуация пункт салынуы талап етті.

«Халықты неге қонақ үйге орналастырмайды?»: Нұрболат Абдуллин су тасқынында үйсіз қалған халықтың мұң-мұқтажын жеткізді
ашық дереккөзден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Нұрболат Абдуллин су тасқынында зардап шегіп, үйсіз қалған халықтың мұң-мұқтажын жеткізді.

Ол халықты мектепке орналастырудың орнына неге қонақ үйге жатқызбайтынын айтып ренжіді.

«Үйі су астында қалған ағайындар жаппай мектептерге орналастырылған. Неге қонақүйге емес? Апартаментке немесе демалыс орталықтарына орналастыруға болады ғой. Үйі салынып біткенше не істейді, соны ойлаймын. Омыраудағы бала, ата-әжелерге сондай қиын. Табиғи апат қаупі бар болсын, жоқ болсын әр қала, ауданға эвакуация пункттері салынуы міндетті деп ойлаймын», - деп жазды әнші.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор