771

Атырау облысында қыстақта қалып қойған малшы құтқарылды

Атырау облысында құтқарушылар қыстақта қалып қойған малшыны құтқарды.

Атырау облысында қыстақта қалып қойған малшы құтқарылды
бейнежазбадан

Жылыой ауданында Жем өзені су деңгейінің көтерілуіне байланысты, елді-мекендерге су басу қаупі төнген. Өңірде ТЖД құтқарушылары тұрғындарға және олардың төрт түлік малын қауіпсіз жерге көшіруге көмектесіп жатыр.

Биыл 7 сәуірде Жылыой ауданының Құлсары қаласындағы Дүйсеке ата қыстағынан 1982 жылы туған азамат құтқарылды. Өңір тұрғыны Маңғыстау, Атырау облыстарының ТЖД құтқарушыларына алғыс айтты.