"Миллиардтаған ақша қайда кеткен": блогер Фариза Төреәлі су тасқыны жайлы

08.04.2024, 15:46
2042
"Миллиардтаған ақша қайда кеткен": блогер Фариза Төреәлі су тасқыны жайлы farizatoreali

Танымал блогер Фариза Төреәлі елімізде орын алған су тасқынына қатысты пікір білдіріп, желіде азулы жазба жариялады.

Желі жұлдызы төтенше жағдайлар кезінде халық үнемі ақша жинайтынына шүйлігіп, билік өкілдерін сынға алды. Фариза Төреәлі төтенше жағдай кезінде қалың көпшілік бірден блогер мен әншілерді кінәлайтынына күйінді.

"Барлық әлем бойынша түрлі табиғат апаттары болып жатыр. Бізде жер сілкінісі болып, енді соңғы елу жылда болмаған су тасқыны. Ойламаған жерден өз үйінен, қорадағы малынан айырылып қалу оңай емес. Өте қиын сәттер. Алдыңғы жылы Абай облысындағы орман өрті, желінген миллиард қаражат. Алдын алмау салдарынан енді халық зардап шегіп отыр. Біз не істейміз? Сол баяғы бір-бірімізге көмек, салық төлейміз. Айыппұл төлеп, аұша жинаумен айналысамыз. Елде қандай жағдай болса бірден әншілер мен блогерлер кінәлі. Мемлекеттен бөлген қаражатты солар қалтасына басқандай, олардың қолында билік бардай, депутат немесе министрдай көретін адамдар тобы бар", - деп жазды блогер Instagram парақшасында.

Желі жұлдызы елімізде орын алған жағдайға байланысты биліктегілерді сынға алып, жемқорлық тақырыбын көтерді.

"Жыл сайын айналып келіп ақша жинаймыз. Көмектесуден қашқан халық емеспіз. Бір-бірімізге жанашырмыз. Бірақ неге бір нәрсе қайталана береді? Себебі түпкі жемқорлық мәселесі шешілмеген. Миллиардтаған ақша қайда кеткенін құдай білсін, әркім түбі өз ісіне жауап береді. Саясат жайлы айтқанды ұнатпаймын. Бірақ қарапайым халықты (блогерлер, әншілерді) кінәлай беруді доғарайық. Жауапкершілік артылмаған нәрсеге айып тағылғаны бір түрлі екен", - деп жанайқайын жеткізді ол.

Қазақстанның 20 ауыл мектебі Google for Education жобасына қатысады Жастардың көзімен: Қазақстандағы тау-кен өндірісін дамыту жолдары «Жаны қысылды»: Айсәуле Бақытбек анасына тағы аяғы ауыр екенін айтып, оны шошытып алды «Фарида сияқты қыздар ғой»: Ұлықпан Жолдасовтың әйелі халықтан сөз естіді «Баха, машинаны жәй айдашы» дедім»: Досым Сүлеев досы Бақытжан Жұмаділовтің қалай қайтыс болғанын айтты «Пися деп жазып қойған»: блогер Дарикорнның дауына қатысты министрлік түсініктеме берді Дене шынықтыру сабағында оқушы қыз саусағынан айырылып қалды Балуан Ризабек Айтмұхан үйленді (ВИДЕО) Сандық трансформация дәуіріндегі құқық: MNU-да төрт елдің студенттері ТМД-дағы алғашқы Легатонда сайысқа түсті Рим Папасы Франциск қайтыс болды «Досымда бомба бар»: Жасөспірімнің әзілінен соң ұшуға шектеу қойылды Шымкенттік оқушы қыз шетелдегі ең үздік 10 жоғары оқу орнынан шақырту алды Аштық ойындары: Таразда адамдар тортқа таласты (ВИДЕО) Шымкенттік блогер мұғалімнен 1,2 миллион теңге бопсалаған Мәсімовтің 1,8 миллиард теңгеге бағаланған зәулім үйі тағы да сатылымға қойылды Тоқаев «Жастар» саябағында ағаш екті Бүгін магниттік дауыл болады «Мектепке жаңадан келген, ешкіммен араласпайды»: Оралда ұрлықшы бала сот алдында жауап берді Павлодарлық еркек полиция қызметкерін пышақтап тастады Әйелінің жұмыс орнын қиратқан тұрғын сотталды