«Бетіне дейін жауып қойған»: Нүкенованың өлімін тіркеген дәрігер сотта жауап беріп жатыр

08.04.2024, 18:48
687
«Бетіне дейін жауып қойған»: Нүкенованың өлімін тіркеген дәрігер сотта жауап беріп жатыр Астана соты баспасөз қызметі

Астана сотында Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша куәгерлерден жауап алу жалғасып жатыр. 8 сәуірде Астана қаласы көшпелі бригада дәрігері Нұрлан Мұхамбеденов сот залына келіп, тараптардың сұрағына жауап берді.

Куәгердің айтуынша, жедел жәрдемге хабарлама 19:55-те түскен. Мамандар оқиға орнына 8 минутта жеткен.

Мейрамханаға келген кезде бізді ер адам сыртта күтіп алып, 2-этажға ертіп әкелді. Ол ер адам – сотталушы Байжанов. Біз сөйлескен жоқпыз, VIP залды көрсетті. Кірсек, жалаңаш әйел диван үстінде жатыр екен, үстін көрпемен жауып қойған. Бірден қарауға кірістік. Еденге жатқызып, реанимация әрекетін жасай бастадық. Екі ер адам сөйлесіп тұрды, шығуын сұрадым. Ол екеуі – Бишімбаев пен Байжанов, - дейді куәгер.

Маман әйелдің бетін де көрпемен жауып қойғанын айтты. Оның сөзінше, көмекшісіне аппаратты қосуды сұраған. Сол уақытта Нүкенованың ес-түссіз тыныс алмай жатқанын анықтаған. 

Не себеп болғанын, яғни анамнезді сұрадым, бірақ маған айтпады. Байжанов 8 қарашада сол жерде ішімдік ішілгенін айтты. Бишімбаев шығып кетті, дәлізде айғайлап жүрді. Ішке кіріп, «тірі ма?» деп сұрады. Шығуын сұрадым. Содан кейін Байжановқа жедел жәрдем келгенше қайтыс болғанын түсіндірдім, - деді көшпелі бригада дәрігері.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады