1428

Маңғыстауда ер адам әйелін балалардың көзінше соққыға жыққан (видео)

Желіде ер адамның балалар алаңында әйелін ұрып-соғып жатқаны түсірілген видео тарады.

Маңғыстауда ер адам әйелін балалардың көзінше соққыға жыққан (видео)
бейнежазбадан

Полицияның мәліметінше, оқиға 7 сәуір күні Маңғыстау облысында болған.

Бейнежазбада ер адам әйеліне жақындап, жұдырығымен соққы жасайды. Сосын жағасынан ұстап, итеріп жібереді, әйел жерге құлайды.

"Құқық бұзушы анықталып, Мұнайлы аудандық полиция бөліміне жеткізілді", – делінген полиция хабарламасында. 

Полицияның мәліметінше, отбасы-тұрмыстық қатынастар туралы іс сотқа жолданған.