Атырауда тасқын кезінде автосалонда жүрген шенеуніктің басы дауға қалды

09.04.2024, 06:10
895
Атырауда тасқын кезінде автосалонда жүрген шенеуніктің басы дауға қалды бейнежазбадан

Әлеуметтік желілерде Атырау әкімдігінің қызметкері А. Ибрагимовтың жұмыс уақытында TOYOTA автосалонында жүрген видеосы тарады.

Видеоның авторы блогер Рүстем Баязиев оны қала әкімінің орынбасары деп таныстырады. Оны көрген желі қолданушылары халық сумен арпалысып жатқанда неге шенеуніктер көлік қарап жүр деп ашуланды. Жағдайды Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев түсіндірді. 

Оның айтуынша, қызметкер салонға жұмыс бабымен барған. 

«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайға байланысты жүргізіліп жатқан жұмыс барысында А.Ибрагимов қала әкімі аппараты іс басқармасының теңгеріміндегі TOYOTA автокөліктерін жөндеуге қою үшін қосалқы бөлшектерді қарап жүрген. Сол кезде оны блогер Р.Баязиев қуып жетіп, бейнежазбаға түсірген. Аталған видеодағы қызметкер ақпаратта айтылғандай әкім орынбасары емес. А. Ибрагимов 2024 жылдың қаңтарынан бастап Атырау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің абаттандыру және көгалдандыру секторының бас маманы лауазымында жұмыс істеп келеді» дейді Руслан Жұмағазиев. 

Әкімнің баспасөз хатшысының сөзіне сенсек, аталған блогер ақпаратты бұрмалау арқылы провокация жасаған.

«Табиғи сипаттағы төтенше жағдай кезінде өздерін қоғам белсендісі санап жүрген азаматтардың мемлекеттік қызметшілерді әртүрлі арандату арқылы ақпаратты өз пайдасына бұрмалап беру әрекетін құп көрмейтінімізді жеткіземіз» деп атап өтті ол. 

Мұның алдында қала әкімдігі де қызметкердің әкімдік балансындағы TOYOTA маркалы көліктерін жөндеуден өткізу мақсатында ресми дилерден қосалқы бөлшектердің бағасын біліп, тапсырыс беруге барғанын хабарлаған. 

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді