Жұлдыздар сөйлейді: XXI ғасырдың жаңа індеті

09.04.2024, 12:36
559
Жұлдыздар сөйлейді: XXI ғасырдың жаңа індеті dimonvideo.ru

Бүгінгі күні адамдардың көпшілігі жұлдыздардан кеңес алуға мұқтаж бола бастады.

Соңғы 3 жылда қалын бұқара арасында таролог, астролог немесе нумеролог мамандарына жүгіну трендке айналды. Қараша халық болашағы жайлы немесе махаббат, бай болудың жолдарына қатысты сұрақтар қойып, жұлдыздардан кеңес ала бастады.

Басында тек ауқатты адамдарға ғана қолжетімді болған дүние, уақыт өте келе бұл сала тикток желісіндегі көріпкерлер арқылы қалың бұқараға тарала бастады. Қазіргі күні әр екінші адамның өзінің таролог немесе астролог танысы бар. Оған қоса соңғы уақытта Youtube-та осы жанрда түсірілетін бағдарламалар саны көбейіп келе жатыр.

Бүгінде адамдар бұл салаға қатысты әртүрлі пікір білдіріп жүр. Біреулер оны қолдап, ғылым ретінде танып жатса, өзгелері бұл дінге қарсы екенің алға тартуда. Алайда, бұл салада жүрген жандардың сөзіне сенетін болсақ жұлдыздардан жауап алудын ешқандай қауіпі жоқ.

Астролог Алуа Алдабергенованың сөзінше, «астрология» ол ғылымның бір түрі. Жұлдыздар адамдарды өзгертпейді, тек оларға дұрыс бағыт көрсетінің алға тартты. Нәтижесінде әрбір адам өзіндік шешім қабылдайды. Бастысы тәжірибелі маманға жүгіну керектігін атап өтті.

«Астролог ол адамдарды астрология әлемімен байланыстыратын көпір. Біз адамдарға олардың кармалық сабақтары жайлы, отбасылық каналдардағы жағдайлар жайлы жалпы мәлімет береміз. Яғни, бұл жерде белгілі бір кеңестер жоқ. Әрбір адам өзін өзі өзгертіп отырады. Сонымен қатар халық астрология арқылы оларды ұзақ уақыт бойы аландатып жүрген сұрақтарға жауап табады», - Алуа Алдабергенова.

Астрологтың сөзінше, адамдардың бұл сала жайында жаман ойлауы салаға келетін алаяқтардың кесірінен. Олардың бойында астрологияға қатысты ешқандай қабілет болмайды. Тек адамдарды алдап, ешқандай нәтижеге жетпейді. Салдарынан адамдарда астролог жайында жаман пікір қалыптасады.

«Бұл сала алдағы уақытта тек қана даму үстінде болады. Қазірдің өзінде адамдар тарапынан сұраныстар түсіп жатыр. Алайда, салаға астрологиялық қабілеті жоқ адамдар келгендіктен, сала туралы жағымсыз пікірлер қалыптасып жүр. Біріншіден оларда «мыстан белгісі» болмайды. Екіншіден олар астрологияның белгілі ережелерін сақтамайды. Салдарынан көптеген жаман жағдайлар орын алады. Жалпы астрология ұрпақтан ұрпаққа берілетін қабілет екенің ұмытпау керек» , - деді Алуа Алдабергенова.

Астрологтардың жауабына қанағаттанбаған немесе оларға сенбейтін адамдар көмек сұрап таролог мамандарына жүгінеді.

Таролог Айкен Рустемовнаның сөзінше тарология адамдарға әрқашанда қызық болған. Әсіресе келушілердің басым бөлігі атеист адамдар. Келудегі басты мақсаттары күнделікті сұрақтарына жауап алу. Жалпы өзге әдістерге қарағанда бұл сала оңайрақ және шығармашылыққа жақын сала.

«Тарология бұл болжау емес, кәдімгі психология. Біз сіздермен білетін илюзанистер сиқыршы емес, олар тек адам психологиясын жақсы түсінеді, тарологияда да солай. Біріншіден карталар адамдарға нақты жауап бермейді. Тек қана жол сілтейді. Яғни, сіз бай боласыз ба деген сұраққа карталар нақты жауап бере алмайды. Алайда бай болу үшін не істеу керек деген бағытта жол көрсетеді», - деді Айкен Рустемовна. 

Сонымен қатар Айкеннің сөзінше тарологияны құрал ретінде ғана қабылдаған жөн. Олардың жауаптарына 100 пайыз сеніп жүрмеген абзал.

«Карталардың жауабы 100 дұрыс бола алмайды. Өйткені, әрбір адам өзінің түсінігі бойынша оларды оқиды. Сондықтан да басымен кіріп кету өте қауіпті. Қазақ халқы айтқандай «артық қыламын деп, тыртық қылу» қауіпі жоғары. Өкінішке қарай мұны ұмытып кететін адамдар өте көп. Салдарынан зиян шегеді де, ең соныңда кінәлі болатын біз», - деді таролог.

Шын мәнінде де бұған қатты әуес болмаған жөн. Жұлдыздар арқылы бағымды ашып, өмірімді өзгертемін деп жүріп, қолындағы бағынан айырылып қалуын да мүмкін. Сондай жандардың бірі Назерке есімді кейіпкеріміз.

Тарологияға басымен кеткені соншалықты қандай да шешім қабылдамас бұрын бірден тарологтарға жүгінетін. Салдарынан бірнеше рет алданып қалған кездері де болған.

«Тарологтар туралы құрбымнан естіген едім. Ол маған олар кез-келген сұраққа жауап тауып, болашаққа кеңес бере алады дейтін. Басында сенген жоқпын, бірақ құрбым болмаған соң барып көрдім. Бірінше реттен ақ бойымда біртүрлі сезім болды. Тарологтың карталары менің жан дүниемді кітап ретінде оқып жатты, алаңдатып жүрген салаларымды да көрсетті. Осы сәтте бойымдағы күдіктін бәрі сейіліп кетті. Осылайша бұл процесске қызығып, басымен қалай кіріп кеткенімді байқамай қалдым. Таролог не дейді соны бірден орындайтынмын. Салдарынан бірнеше рет аузым күйген еді», - деді Назерке ханым.

Кейіпкеріміздің сөзінше туыстарының арқасында ғана ол бұл істерге күдікпен қарай бастады. Мұқият зерттей келгенде өзінің алданғаның байқады. Бірден құқық қорғау қызметкерлеріне жүгінді.

«Отбасым болмаса, мен әрі қарай да алдана беруші едім. Бір күні ол маған махаббатыңды тапқын келсе арнайы рәсім жасау керектігін айтты. Бір кісінің нөмірінде берді. Мен бірден барып, рәсім өткіздім. Келесі жолы тағы да ақша сұрады. Осылайша мен оған өз қолымен 50 мың теңгеге жуық ақшаны өз қолымен апарып бердім. Әдемі сөздеріне сеніп, алданып қалған едім» , - деді Назерке ханым.

Денеге бағытталған терапия бойынша кеңесші, тәжірибелі психолог Асем Садвакасованың сөзінше тарологтарға, нумеролтарға немесе астрологтарға барған бір жағынан тиімді, екінші жағынан қауіпті.

«Адамдар бұл мамандарға жүгіну арқылы өз жауапкершіліктерінің бір бөлігін тылсым күштерге тапсыра салды. Психология тұрғысынан бұл жақсы. Өйткені осының арқасында адам бойындағы стресс деңгейін төмендетеді. Алайда, шектен тыс барған қауіпті. Себебі адам фанатик бола бастайды. Салдарынан өзі шешім қабылдай алмайтын дәрежеге де жетуі мүмкін», - деді Асем Садвакасова.

Өз кезегінде Қазақстан мұсылмандар Діни басқармасы бұл салалар харам екенің алға тартты. Олардың сөзінше тылсым күштерге сену шариғатымызға қарсы.

«Нумерология және соған ұқсас басқа да тылсым күштермен айналысуға, соларға жүгінуге шариғатымыз қатаң түрде тыйым салған. Себебі, оның дүние тіршілігіміз үшін де, ақыреттегі жағдайымыз үшін де ешбір пайдасы жоқ. Оған уақыт бөлу – бос әурешілік. Сонымен қатар, сандар болжамына сеніп, Алланың құдыретіне, тағдырына шәк келтіру үлкен күнә саналады», - деді Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрсақов.

Таролог, нумеролог және астрологтарға жүгіну жүгінбеуді әр адам өзі шешеді. Ең бастысы олардың ақпаратын 100 пайыз дұрыс деп қабылдау керек емес. Сәл сыни ойлап, асығыстық шешім қабылдамауға шақырамыз.

 

Автор: Ислам Бақтыбайұлы

Сурет: ҚМДБ сайты және жеке мұрағат

Трамп жынысын ауыстырғандарды әскер қатарынан қуып жатыр Кеше Ақтөбедегі әскери бөлімде қайтыс болған сарбаздың анасы үндеу жасады (ВИДЕО) «Қалаулымға» қатысып танымал болған қазақ файтері қырғыз қарсыласынан оңбай жеңілді (ВИДЕО) АҚШ-тан елге пошта арқылы есірткі жеткізіп отырған астаналықтар 18 жылға сотталды Дильназ Ахмадиеваның әкесімен ән айтқан Роза Рымбаева көпшілікті тамсандырды «Жел, тұман»: 25 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды «Кешірім сұрайтындай ешкімді атқан жоқпын»: Мақпал Жүнісова қас дұшпандарыма мереке сыйлап тұрамын деп мәлімдеме жасады Біреудің қаңсығы біреуге таңсық «Қыз болғанша тоқтамаймын»: Тәуекел Мүсілім қызы болғанын қатты армандап жүргенін айтты «Қазір қыз іздеп жүрмін»: боксшы Нұрбек Оралбай жеке өміріндегі құпияларын айтты Анамды жұмыс істеткізбеймін, бар жағдайын жасадым – Әбиба Әбужақынова Қайрат Боранбаев Қазақстанға әкелген футболшы Украинада опасыздық жасады деп айыпталды Таразда прокуратура қызметкері алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды 2-ақ адам қалған: Солтүстікте жыл соңына дейін 45 ауыл картадан жойылатыны белгілі болды «45 тәулікке қамалады»: Әйелі мен балаларын ұрып-соққан ақтөбелік жеңіл жазамен құтылды Екібастұзда 9-сынып оқушысы жоғалып кетті Тағы бір мерзімді әскери қызметші Ақтөбеде қайтыс болды Бақыт Сәрсекбаевтың әкесі қайтыс болды Әкем сырт көзге суық көрінгенімен жүрегі өте жұмсақ болды – Мұстафа Өзтүріктің үлкен қызы Прагада өткен Димаштың концертінде 9 жасар қыз тыңдармандарды тәнті қылды