Алматыда саунада балалар лагерін ұйымдастырғандар сотталды

09.04.2024, 19:14
796
Алматыда саунада балалар лагерін ұйымдастырғандар сотталды facebook/Инка Рокеровна

Алматы қаласы Медеу ауданының № 2 сотында алматылық оқушылардың демалуға жазғы лагерьге емес, саунаға жіберу ісі бойынша қылмыстық іс қаралды.

 

М. Алматы қаласы білім басқармасының мемлекеттік сатып алу жөніндегі бас маманы бола тұра, Н-дан пара алу мақсатында оның «Б» ЖШС және «А» ЖШС компанияларын ерекше, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған жазғы демалысты ұйымдастыру қызметін мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы деп таныған.

«2023 жылдың жазында Н. „Ж“ МК-ның 50 баласын өзінің жеке мектебіне орналастырған. Сол күні ол балалар лагерін ұйымдастыру сылтауымен „Д“ фитнес-орталығы бар монша кешеніне 300 баланы орналастырған. Балалардың ата-анасы және „Ж“ МК қызметкерлері жеке мектеп пен фитнес-сауықтыру кешені бар монша кешенінің балалардың демалыс орнына айналғанын біліп, балаларын үйіне алып кеткен. М. және Н-ның қылмыстық әрекетінен балалардың және ерекше күтімді қажет ететін балалардың жазғы демалысы бұзылып, балалар қолайсыз жағдайда бейтаныс адамдардың арасында қалған», — деп хабарлады Алматы қалалық соты таратқан хабарламада.

Сотталушы М. кінәсін мойындамай, соттан оны ақтауды сұрады. Сотталушы Н. өз кінәсін толық мойындап, соттан бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады.

Прокурор сотталушы М-ны — 7 жылға, Н-ны — 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

«Сот үкімімен М. өзінің қызмет бабын пайдаланып, аса ірі мөлшерде пара алуға әрекеттенгені үшін кінәлі деп танылып, оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол бұдан былай мемлекеттік қызмет атқара алмайды. Н. аса ірі мөлшерде алдау және сенімге қиянат жасау арқылы алаяқтық әрекетін жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды» деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Сотталушылардың кінәсі іс бойынша жиналған дәлелдемелермен, сотталушы Н-ның мойындауымен, куәлардың айғақтарымен, мамандардың қорытындысымен және жасырын тергеу әрекетінің нәтижесімен дәлелденді.

Жауапкершілікті жеңілдететін мән-жай ретінде М. мен Н-ның бірінші рет сотталып отырғаны, сотталушы M-ның асырауында кәмелетке толмаған екі кішкентай баласы болуы, Н-ның жасаған қылмысына шын жүректен өкінуі, кінәсін мойындауы болды.

Жауапкершілікті ауырлататын мән-жай жоқ.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді