Әнші Димаш Құдайберген тасқыннан зардап шеккендерге 15 миллион теңге аударды

10.04.2024, 11:12
2269
Әнші Димаш Құдайберген тасқыннан зардап шеккендерге 15 миллион теңге аударды Kazinform

Әнші Димаш Құдайберген туған жері Ақтөбеге келді.

Ол саяжай аумағында тұратын, бірақ қазір баспанасын тастап 40 мектепте уақытша тұрып жатқан тұрғындармен кездесті. Осылайша, қиын сәтте жерлестерімен бірге екенін жеткізіп, қайырымдылық қорына қаржы аударды. Бұл туралы Kazinform хабарлап отыр.

Елімізде су тасқыны басталған кезде халықты сабырға шақырып, өзінің қай сәтте де қолдауға әзір екенін жеткізген әнші Димаш Құдайберген бүгін Ақтөбе облысына келді. Ол алдымен баспанасына су кірген қамкөңіл жерлестеріне демеу болып, олардың жанынан табылды. 

Жылы сөзін арнап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негізінде елдегі атқарылып жатқан істерге тоқталды.

«Бала кезден бастап тілеуімді тілеп, биікке қанат қағып, қалықтап жүрсін деген тілек тілеп жүрген жерлестерімнің қал-жағдайын білмей кете алмадым. Жаңалықтардан мемлекет тарапынан ауқымды сомада көмек беріліп жатыр дегенді оқып жатырмын. Ең бастысы, еліміз аман болсын, жұртымыз тыныш болсын», – деді әнші.

Өзі де игі істен шет қалмай, туған жеріне сапары барысында қайырымдылық қорға ақша аударды.

 

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды