"Апаттан абырой жинамайық": әнші Әбдірайымов су тасқынын әзілге айналдырғандарға ашуланды

10.04.2024, 10:57
3726
"Апаттан абырой жинамайық": әнші Әбдірайымов су тасқынын әзілге айналдырғандарға ашуланды baglan_abdraimov_official

Танымал әнші Бағлан Әбдірайымов су тасқыны кезінде халықтың қайғысын әзілге айналдырғандарға ашуланды. Бұл туралы өнер иесі желідегі парақшасында жазды.

"Әне-міне дегенше сауабы сансыз Рамазан айы да бітті. Бұл қасиетті айда елімізге сауап мен сынақ қатар келіп, еңсеміз езіліп тұр. Айтып келмейтін апат Батыс Қазақстанымызды басты. Солтүстік Қазақстанымызды шайып жатыр. Амал нешік, табиғи апат, Алланың қалауы дейміз…

Бұл күн де өтер, бір қиындықтан кейін екі жеңілдік бар екені анық. Күн жылып, су сіңіп, апатты аймақтардағы қираған үйлер қайтадан қалпына келтірілер. Осы тұста хайп қуып, қасірет үстіне неше түрлі әзіл сөздерді қосып, теріс видео таратып жатқан жандарға, "Апаттан абырой жинамай-ақ қояйық", дегім келеді. Одан қаралымың артып, оқырманың көбеймейді. Бәрі біткесін әлеуметтік шығынға ұшыраған халықтың талабын мемлекеттен сауатты түрде талап етіп, қайта өндіріп алатын боламыз.

Ат салысайық. Сондықтан болатын іске көшейік. 10 тонна азық-түлік жинап, батысымызға жөнелтіп жатқан Малик Хасенов секілді қаншама танымал тұлғалар сбор ешіп, етігімен су кешіп, ел арасында жүр. Сондай ерлікті айтайық. Он тонна азық түлікті тік ұшақпен жедел жеткізуге атсалысқан мемлекеттік органдардың ісін айтайық. "Қуанышты бөліссең көбейеді. Қайғыны бөліссең азаяды" деген емес пе?! Қуанышты күніміз алда, сабыр етейік. Еліміздің еңсесі түспесін. Бұлт артынан күн шығады", – деп жазды Әбдірайымов. 

Жанар Айжанова күйеубаласының шашын тықырлап алып тастады (ВИДЕО) Лидия Кәденова тағы да әже атанды (ФОТО) «Өтіріктерің ашылады»: Баян Мақсатқызы күйеуін қаралағандарға қатаң ескерту жасады «Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды «Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті «1-курсты енді бітірген еді»: Түркістанда колледжде оқитын қызды өлтіріп кеткен 8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО)