«Жүректі дірілдетіп, аузымды жыбырлатып»: Тамара Асар өзін сынаған көпшілікке жауап берді

10.04.2024, 13:42
2714
«Жүректі дірілдетіп, аузымды жыбырлатып»: Тамара Асар өзін сынаған көпшілікке жауап берді Тамара Асар

Әнші Тамара Асар әлеуметтік желідегі парақшасына орманда шаңғы теуіп жүрген сурет салып, көпшіліктің сынына қалған еді.

Өнер иесінің желіге салған суретін оқырмандары дұрыс түсінбей, «Елді су алып жатқанда демалыста жүргенің қалай?» деп ренішін білдірген болатын.

Тамара Асар осы жағдайға байланысты пікір білдірді. 

«Жаман қатын ашуын ыдыс-аяқтан алады» демекші, телефон ұстап, әлі келгендер әртістерді сөз етіп, тіл тигізетіндерді де көріп отырмын. Бұл видеоны сіздердің құсығыңызды иіскеп, жеу үшін салған жоқпын. Елге сөз қолдауым болсын деп салдым. Оқырмандардың көбі «ел суға кетіп жатқанда демалыста жүрсің» депті. Бұл – біздің есігіміздің алды, осындай орман. Қостанайдамыз. Қалаға қатынайтын, азық-түлік алатын жалғыз көпіріміз суға кетіп, өзіміз де біртүрлі күй кешіп отырмыз.

Мен блогер емеспін. Сондықтан менің бойымды билеген қорқыныш пен үрей ешкімге берілмесін деп, ештеңе салмап едім. Тобыл өзені сәл ашуын басқасын мен де батырсынып, осы суреттерді салып отырмын. Орманда тұрып халыққа басу айтып тұрған видеода өзім де сондай сөзге мұқтаж ежім. Бірақ оны түсінетін оқырман бар ма? Әйтеуір әншілердің ішін кептіріп жатты.

«Ең бастысы, байбаламға салынба, интернетті көп қарама, сборларға қосылып, ақша аудар да, сабыр сақта» деп үйден асығып шығып кетті біздің үйдің белсенді кісісі. Ажар екеуміз осы кісінің қарауындамыз. Қолымнан келгені елім үшін, шыбын жаным үшін шелпек пісіріп, аузымды жыбырлатып, жүрегімді дірілдетіп, Ақ Тәтемнің үйреткен сүрелерін оқу болды», - деп жазды Тамара Асар.


Жанар Айжанова күйеубаласының шашын тықырлап алып тастады (ВИДЕО) Лидия Кәденова тағы да әже атанды (ФОТО) «Өтіріктерің ашылады»: Баян Мақсатқызы күйеуін қаралағандарға қатаң ескерту жасады «Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды «Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті «1-курсты енді бітірген еді»: Түркістанда колледжде оқитын қызды өлтіріп кеткен 8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО)