597

Қазақстандықтар үш жылда алаяқтарға 18,9 млрд теңгеге алданған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі соңғы үш жылда алаяқтық фактілері бойынша 770 қылмыстық іс тіркеді.

Қазақстандықтар үш жылда алаяқтарға 18,9 млрд теңгеге алданған
canva.com

Бұл туралы аталған агенттіктің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлім етті.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында алаяқтық жасау өзекті проблема. Соңғы үш жылда агенттікте алаяқтық фактілері бойынша 700-ден астам (770) қылмыстық іс тіркелді, оның 100-ден астамы пара беруге итермелеумен ұштасты. Республика бойынша алаяқтарға берілген қаражаттың жалпы сомасы 18,9 млрд теңгеден асады», - деді Данияр Бигайдаров Антикорда өткен брифингіде.