Олжас Бектенов батыстағы гидроқұрылыстардың жай-күйін тексерді

10.04.2024, 19:33
759
Олжас Бектенов батыстағы гидроқұрылыстардың жай-күйін тексерді ҚР Үкіметі

Премьер-Министр, су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың жетекшісі Олжас Бектенов Батыс Қазақстан облысында жүргізіліп жатқан жұмыстың барысын және Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шараларын тексерді.

 

Өңірде су тасқынына қатысты күрделі жағдай қалыптасып отыр.

Осыған байланысты Үкімет басшысы тікұшақпен аралау кезінде Жайық өзені арнасының жай-күйімен танысты.

Үкімет басшысы елді мекендерге келетін судың көлемін азайту мақсатында су қоймалары жүйесінде суды барынша жинақтау жөнінде тапсырмалар берді.

Тұрғызылған бөгеттерді қарап шыққаннан кейін Олжас Бектенов тұрғындардың өмірі мен денсаулығын және мүлкін барынша қорғау үшін жұмыс қарқынын бәсеңдетпеуді тапсырды.

«Қазіргі уақытта Ақтөбе, Қостанай, Құлсары қалаларындағы жағдай тұрақталып келеді. Петропавлда су тасқынының шарықтау шегі басталады, мұнда негізінен бау-бақша серіктестіктері су басу аймағында қалмақ. Жайық өзенінде күрделі жағдай сейілмеді. Ауқымды су көлемі Ресей Федерациясы аумағында айтарлықтай шығын келтіріп, Орал мен Атырауға қарай жылжып келеді. Бүгінде Жайық өзеніндегі су деңгейі 7,2 метрді құрап, күн сайын артып келеді. Қауіп белгісі- 8,5 метр. Судың қауіпті деңгейін ұстап тұруға мүмкіндік беретін қорғаныс бөгеттері салынды. Қазір басты міндет – Орал мен Атырауды тасқыннан сақтап қалу. Ол үшін әкімдіктердің, ТЖМ, Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның, арнайы техникалық күштері жұмылдырылды. Еріктілер көп көмек көрсетуде. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының әкімдеріне қажет болған жағдайда су басу аймағындағы үйлерін тастап шығудан бас тартқан тұрғындарды мәжбүрлі түрде эвакуациялау тапсырылды. Бұл ретте барлық бос үйлер полицияның тәулік бойы бақылауында болады», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сонымен қатар Үкімет басшысы тұрғындардың сауалдары негізінде әкімдіктерге су тасқынынан келген залалды өтеу алгоритмін түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

«Су тасқынының басталу уақыты әр өңірде әртүрлі. Кейбір тұрғындар өтініш беру мерзіміне қатысты алаңдап отыр. Уақыт шектеулеріне қарамастан тұрғындардың өтініштерін қабылдау қажет. Жоғарыда айтқанымдай, бюрократиялық әрекеттерге жол берілмеуге тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

«Ғашығына қосыла алмай ішіп кетті»: Танымал «Қызыл раушан» әнінің авторы далада қалған Астаналық тұрғын WhatsApp-тағы 2 хабарламасы үшін 2,5 жылға сотталды Балғынбек Имашевтың ұлынан Меккеге жолдама сатып алған тағы 40 шақты адам шу шығарды «Алты жолаушы ауруханада»: Құлсарыда автобус жол шетіне шығып кетті «Көлік тәркіленді»: Ер адам желідегі қаралым үшін баланы багажға салып тастаған Трамп: «Ресей дағдарыста, ал Путинге бәрібір сияқты» Павлодарлық келіншек 8 жасар ұлымен далаға қонған «Інісі қаза болды»: Үндістандағы ұшақ апатынан 242 адамның тек біреуі тірі қалды Израильдің Иранға соққы беруі мұнай бағасын өсіріп, Еуропа биржасына әсер етті Екі күн балаларын қараусыз қалдырған әйел жазаланды Қарағанды облысында ер адам екі дәрігерді соққыға жықты Өгей қызын ұрып, шашынан сүйреген маңғыстаулық тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды Марқұм Денис Тен тірі болса, бүгін 32 жасқа толар еді Әділет Майғазиев әйелімен қалай танысқанын айтты Футбол жұлдызы Ламин Ямаль FIFA 2026™ футболдан әлем чемпионатында Visa-ның жаһандық амбассадоры атанады «Бір көйлек 600 мың теңге»: Жұлдыз Әбдікәрімова киілген киімдерін сатып жатыр Мұғалім емтихан жауаптарын сатты деген күдікке ілікті Дезинфекцияға сеніп қалмаңыз: қауіпсіздік қай кезде бұзылады? «Ресейден ақша тауып, жауды қолдап отыр»: Jah Khalib-ке Ресейге кіруіне тыйым салынбақ «Homay» әнімен әлемге танылған башқұрт әншісі Маңғыстауда бейнебаян түсіріп жатыр