«Балалы болуға тыйым салды»: әнші Толқын Забирова ешкімге айтпаған сырын ақтарды

11.04.2024, 09:10
2798
«Балалы болуға тыйым салды»: әнші Толқын Забирова ешкімге айтпаған сырын ақтарды YouTube

Өнер иесі тұңғышын бес жыл күткенін айтты.

Әнші Толқын Забирова «Мамский әңгіме» бағдарламасында тұңғыш перзенті туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Өнер иесі тұңғышын бес жыл күткенін айтты.

«Көп ауырдым. Содан болар, 5 жылдай бала көтере алмадым. Басқа адамдардың тағдырына қарағанда шүкір деймін. Бес жыл аз да, көп те уақыт емес. Артынан Аллаға шүкір екі ұл дүниеге келді. Өте көп жыладым. Сафардың бірінші әйелінен бір ұлы бар. Сол кезде оған барып, «мені бір күні тастарсың, бала тумайтын әйелмін» деп айтатынмын. Ал ол «мен сені жақсы көремін, бала тумасаң да кетпеймін» деп жауап беретін. Неше түрлі жаман ойлар келетін. Мені жиі жұбататын. Ол кезең мен үшін өте ауыр уақыт болды. Жақындардың қолдауы, жарыңның қолдауы өте қажет. Қарбалас жұмыспен жүріп, көп ойлардан арылып қаласың. Саған қолдау білдіретін адам болса бұл кезеңнен өтуге болады. Тек сенімді жоғалтпау керек», - деді ол.

Әншінің айтуынша, әжесі өмірден өткен күні тұңғышына аяғы ауыр болған.

«Көп ем қабылдадым. Емделген соң бір ай балалы болуға тыйым салды. Сәтін салып, бір айға Францияға кетіп қалдым. Келген соң әжемнің халін білуге бардым. Өте ауыр халде жатқан еді. Екі аптадан соң әжем қайтты. Әжем қайтқан күні мен бала көтеріппін. Оны білмеппін де. Әжемнің жетісі, қырқы болып, есімді әрең жидым. «Өмірде бәрі өтпелі, әжем – мәңгілік» деп өмір сүрген екенмін. 9 айдан соң Шахрия дүниеге келді», - деді әнші.

Жанар Айжанова күйеубаласының шашын тықырлап алып тастады (ВИДЕО) Лидия Кәденова тағы да әже атанды (ФОТО) «Өтіріктерің ашылады»: Баян Мақсатқызы күйеуін қаралағандарға қатаң ескерту жасады «Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды «Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті «1-курсты енді бітірген еді»: Түркістанда колледжде оқитын қызды өлтіріп кеткен 8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО)