Роман Скляр Петропавл қаласында ауыз су сапасын бақылауды күшейтуді тапсырды

11.04.2024, 12:04
1043
Роман Скляр Петропавл қаласында ауыз су сапасын бақылауды күшейтуді тапсырды primeminister.kz

Солтүстік Қазақстан облысының су басу қаупі жоғары елді мекендерін аралау кезінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Кожевенный және Заречный кенттеріндегі бөгеттер құрылысының аяқталғаны туралы баяндамаларды тыңдады.

 

ҚР Үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Роман Скляр сонымен қатар Тепличное, Прибрежное ауылдарындағы, Ущев көшесі бойындағы арықтарды дайындау жұмыстарын және Петропавл қаласын ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған маңызды стратегиялық нысан – «Қызылжар Су» ЖШС-ның екінші деңгейдегі сорғы станциясы бөгеттерінің қорғаныс қабілетін тексерді.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасарының тапсырмасы бойынша сорғы станциясы биіктігі 1,5 метр болатын 450 метрге жайылған бөгетпен қорғалған.

«Қалаға берілетін ауыз су сапасын тексеру маңызды. Арнайы зертхана екі сағат сайын судың сапасын тексеріп, зерттеп, есеп беріп отыруы керек. Судың келуімен оның жарамдылығы төмендеуі мүмкін. Қала тіршілігін қамтамасыз ету жұмысын үздіксіз жүргізіп отыру қажет», — деп тапсырды Роман Скляр.

Бірінші вице-премьер су тасқынына қарсы жұмыстардың көлемін бағалап, жол инфрақұрылымы жүктемесін азайту туралы есепті тыңдады. Оның ішінде, үлкен судың келуі туралы жаңартылған болжамды ескере отырып, қатты су басу салдарын азайту процесі қозғалды.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді