Су тасқыны кезінде Құлсары қаласына қайықпен шығып, жоғалып кеткен ер адам табылды

11.04.2024, 14:13
1000
Су тасқыны кезінде Құлсары қаласына қайықпен шығып, жоғалып кеткен ер адам табылды t.me/qr_tjm

Полиция қызметкерлері бір күн бұрын жоғалып кеткен 49 жастағы ер адамды тапты.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамның жоғалғаны туралы 102 арнасына хабарлама келген. 

«Жылыой ауданы полиция бөліміне 49 жастағы ер адамның Қарағай ауылынан Құлсары қаласына қайықпен шығып, бір күннен бері хабар-ошарсыз кеткені туралы ақпарат түсті. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасын жүргізуге әуе дронын пайдаланды. Бүгін, 11 сәуір күні сағат 11:00 шамасында Қарағай елді мекенінен 10 шақырым қашықтықта су тасқынынан пайда болған аралдан 49 жастағы ер адам табылды. Қазір оның жағдайы бірқалыпты, туысқандарымен қауышты», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Құлсарыда қараусыз қалған үйлерді 110 полицей мен 60 сарбаз қадағалап жүргенін жазған едік. 

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген