SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әншінің Құлсарыда жүргенін әуелі Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
“Алладан келген сынақ деп қабылдайық! Қиын сәтте бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұдырықтай жұмылып жатырмыз. Құтқару саласының мамандарына алғыс білдіремін! Ең қиын күндеріміз осы су тасқынымен кетсін! Ауыр күндер артта қалсын!”, – деп тілегін білдірді өнер иесі.
Әлемге әйгілі әнші құтқарушыларға алғысын айтып, су тасқынының салдарымен күрескен азаматтармен фотоға түскен. Димашты көргендер оны ұялы телефонына түсіріп, ризашылығын білдіреді.
“Димаш құрдасым келіп қалды. Сені көріп шаршағаным, белімнің ауырғаны басылып қалды. Саған Алла разы болсын”, – деді құлсарылық азамат.
Еске салайық, Димаш Құдайберген су тасқынынан зардап шеккен жерлестерімен кездескенін жазған едік.