«Пәтер құны – 200 мың еуро»: Тәуекел Мүсілім Түркияға қоныс аудармақ

Аиса Махамбет Редактор
11.04.2024, 17:12
1249
«Пәтер құны – 200 мың еуро»: Тәуекел Мүсілім Түркияға қоныс аудармақ ашық дереккөзден

Танымал кино жұлдызы, актер Тәуекел Мүсілім отбасымен Түркия еліне қоныс аударатынын “Revue news” бағдарламасында айтып берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі ендігі шығармашылық жолын түрік елінде жалғастыратынын жасырмады. 

“Сәуір айының соңында Түркияға барамыз. Пәтерімізді аламыз. Одан бөлек отбасымен демаламыз. Одан кейін Түркия елінде әрекет жасаймыз. Заттарды Алматыдағы үйге қалдырамыз. Ал Түркиядағы үйге жаңа дүниелер алып, жайғастырамыз. Шетелдегі үйді таза, құрылыс жұмысы толық аяқталған күйде береді. Біз тек жиһаздарды аламыз. Түркиядағы үйді 2-3 жыл бұрын алдық. Ол кезде баға басқаша болды. Қазір ол үйдің нарықтағы бағасы 200 мың еуроға жетеді. Біз соның жарты бағасына алдық. Ол жақта заң өзгеріп жатыр. Қазір үйдің бағасы 200 мың еуродан жоғары болса, тұрақты тұруға мүмкіндік береді. Ал біздің үйдің бағасы одан арзан болғандықтан, 90 күн боламыз. Сосын ары қарай тағы да ұзартамыз. Рұқсат бермесе, қайта елге келеміз немесе басқа елге барамыз", – деді актер. 

Айта кетейік, өнер иесі Түркияға көлікпен баратынын айтқан еді. Жолда бірнеше қалаға саяхаттап, контент жасау жоспарын да бөліскен еді. 

 “Жоспарыңды айтсаң орындалмай қалады деген сөзге сенемін. Бірақ шет жағасын айтайын. Биыл біздің отбасы үшін саяхат жылы болмақ. Көлігімізбен әлемді аралаймыз. Осыдан екі жыл бұрын Түркиядан пәтер сатып алған едік. Соның құрылыс жұмыстары жазда аяқталады. Соған орай көлікпен Түркияға баруды жоспарлап отырмыз. Жалпы отбасылық саяхатты көбірек насихаттағымыз келеді. Youtube арнамызды ашып, көлікпен саяхаттаудың артықшылығы мен кемшілігін көрсеткіміз келеді. Контентің жақсы көрілім жинаса, табыс та түседі. Сондықтан осы істі қолға алып жатырмыз”, – деген болатын актер.

Жанар Айжанова күйеубаласының шашын тықырлап алып тастады (ВИДЕО) Лидия Кәденова тағы да әже атанды (ФОТО) «Өтіріктерің ашылады»: Баян Мақсатқызы күйеуін қаралағандарға қатаң ескерту жасады «Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды «Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті «1-курсты енді бітірген еді»: Түркістанда колледжде оқитын қызды өлтіріп кеткен 8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО)