Ресейлік танымал визажист Гоар Аветисян марқұм Салтанат Нүкенованы қолдағаны үшін экстремизмге қарсы тексерілуі мүмкін

Аиса Махамбет Редактор
12.04.2024, 12:50
2886
Ресейлік танымал визажист Гоар Аветисян марқұм Салтанат Нүкенованы қолдағаны үшін экстремизмге қарсы тексерілуі мүмкін ашық дереккөзден

Ресейлік визажист Гоар Аветисянның экстремизмге қатысы бар-жоғы Салтанат Нүкенованы қолдаған видеоға байланысты тексерілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық құқық қорғаушы Антон Бударов ресейлік блогердің үстінен шағым түсірді.  

Визажист өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына Қазақстанның экс-министрі азаматтық некедегі әйелін ұрып өлтіргені туралы айтып, марқұмның ағасы Айтбек Амангелдінің парақшасына сілтеме жасаған. Арнаның мәліметінше, Бударов бірнеше рет визажистің парақшасынан экстремизмді қолдайтын жазбаларын көргенін айтқан. Өйткені азаматша Ресейге қарсы көзқарасымен танымал болған. Демек блогердің өзі – шетелдік агент. Телеарнаның хабарлауынша, белсенді құқыққорғаушы Гоарды тексеріп, жазалауды сұрап арыз жазған.

Еске салайық, Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша екінші сотталушы Бақытжан Байжанов елордалық сотта жауап беріп жатыр. 

Айта кетейік, бұған дейін 11 сәуір жауап алу кезінде қылмысты жасырды және хабарламады деп айыпталған Бақытжан Байжанов алғашқы айғағын адвокаттың қысымымен бергенін айтқан еді. Ол алғашында қорыққанынан айғақ бергенін айтты. Адвокаты былай айтпа, олай айтпа дегенін, кейіннен желтоқсанда адвокатының Бишімбаевтың адвокаттарымен сөйлесіп келіскенін түсінгенін жеткізді. Сосын оның қызметінен бас тартып, осы жағдайлардан кейін шынайы куәлік бергенін мәлімдеді. 

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады