«Қайраттай бала тәрбиелеп алсын!»: Роза Әлқожа әріптесі Гүлзира Айдарбекованың туған күнінде ерекше жазба жариялады

Аиса Махамбет Редактор
12.04.2024, 14:47
3111
«Қайраттай бала тәрбиелеп алсын!»: Роза Әлқожа әріптесі Гүлзира Айдарбекованың туған күнінде ерекше жазба жариялады жеке парақшасынан

Белгілі әнші, сазгер Роза Әлқожа өнердегі әріптесі, продюсер Гүлзира Айдарбекованың туған күнімен ерекше құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі әріптесіне қолдау білдіріп, халық айтқан жағымсыз пікірді елемеуге кеңес берді. 

“Көп адам сізге “Ана” деп қарауды ұмытып кетті. Сіз қаншама еңбекпен шығарған ұлыңыздың әні қанша рет жүректерін жылытқанын ұмытып кетті.

“Өкініш”, “Ауырады жүрек болғасын” деп әндетпеген адам аз шығар?! Бүгінде әншілерді бір-біріне шағыстырып, арандатуға көшкендер көп. Өкінішті… Сізге тиіскен кейбіреу өзі Қайраттай бала тәрбиелей ала ма екен?! Сіз жүрген жолмен жүре ала ма екен?! Жаны нәзік болса да қажымаған бір әулеттің әжесіне осы жұрт неге атарға оқ іздеп жүр?!”, – деп жазды әнші.

Сондай-ақ өнер иесі Қайрат Нұртасты Димашпен салыстырған дауды да есіне алды. 

“Бәріне өзіміз айыптымыз. Ақпарат бермей, отбасымызды көрсетпей амандығымызды ойласақ нетті?! Бар қайратын қазақ өнеріне жұмсаған Қайратыңыз аман болсын! Бір үйдің баласын “ала қойды бөле қырқатындар” бізді бір-бірімізден айыра алмайды. Димашпен салыстыра бере ме, мейлі, Димаш – әлем жұлдызы. Оның табысы мен күш-қайраты талантындай жойқын. Ал, біз екеуін де жақсы көреміз. Сіз ана болған соң да ашынасыз. Бала елдікі болған соң қорғамаңыз. Оның қалқаны – халқы. Құлынын тепкілеп сүйетін ене жұрты барда ол елін сүйсіндіріп талай шырқайды әлі. Туған күніңізбен, Ана-жүрек”, – деп жазды сазгер. 

Жанар Айжанова күйеубаласының шашын тықырлап алып тастады (ВИДЕО) Лидия Кәденова тағы да әже атанды (ФОТО) «Өтіріктерің ашылады»: Баян Мақсатқызы күйеуін қаралағандарға қатаң ескерту жасады «Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды «Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті «1-курсты енді бітірген еді»: Түркістанда колледжде оқитын қызды өлтіріп кеткен 8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО)