Қаңтар оқиғасы кезінде резиденцияға басып кіріп, тәртіпсіздікке қатысты деп айыпталған 11 адамға прокурор жаза сұрады

12.04.2024, 20:08
673
Қаңтар оқиғасы кезінде резиденцияға басып кіріп, тәртіпсіздікке қатысты деп айыпталған 11 адамға прокурор жаза сұрады ашық дереккөзден

12 сәуірде Алматының Наурызбай аудандық сотында Қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздікке қатысты деп айыпталған 11 адамның сотында жарыссөз басталды. Бұл туралы Азаттық радиосы жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 11 адамның соты былтыр қыркүйекте басталған.

Айыпталушылар бұған дейін тергеудің объективті жүрмегеніне шағымданды. Сондай-ақ оларды тергеу абақтысында азаптағанын да мәлімдеген. Бірақ бұл дәлел болмағандықтан жабылған.

Прокурор айыпталушыларға жаза сұрады. 

  1. Серік Кекілбаев Матайұлы "жаппай тәртіпсіздік", "ғимаратқа басып кіру", "билік өкіліне күш қолдану" бойынша 11 жылға бас бостандығынан айыру;
  2. Тұрсынбай Алпысбаев Бауыржанұлы, "жаппай тәртіпсіздік", "ғимаратқа басып кіру", "билік өкіліне күш қолдану" бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыру;
  3. Ақжол Жандарбеков Смайылұлы, "жаппай тәртіпсіздік", "ғимаратқа басып кіру", "билік өкіліне күш қолдану", "адамды кепілге алу" бойынша 12 жылға бас бостандығынан айыру;
  4. Нұртас Каранеев Сейітмұхаметұлы, "жаппай тәртіпсіздік", "ғимаратқа басып кіру" бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыру;
  5. Рысбек Мамыров Жүнісбекұлы, "жаппай тәртіпсіздік", "ғимаратқа басып кіру" бойынша 10 жылжылға бас бостандығынан айыру;
  6. Қосай Маханбаев Кәрімгалиұлы, "жаппай тәртіпсіздік", "ғимаратқа басып кіру" бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыру;
  7. Әбидолла Таубай, "жаппай тәртіпсіздік", "ғимаратқа басып кіру" бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыру;
  8. Арман Әлімбеков Әшірәліұлы, "жаппай тәртіпсіздік", "ғимаратқа басып кіру" бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыру;
  9. Нұрсұлтан Байкісиев Сұбханұлы, "жаппай тәртіпсіздік", "ғимаратқа басып кіру" бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыру;
  10. Дәурен Бакиев Маратұлы, "жаппай тәртіпсіздік", "ғимаратқа басып кіру" бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыру;
  11. Серікбол Орынғазы Орынбайұлы, "жаппай тәртіпсіздік", "ғимаратқа басып кіру" бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыру.

Прокурордың сөзінше, 11 адамның 9-ы кінәларын ішінара мойындаған. Ал Нұртас Қаранеев пен Серік Кекілбаев айыпты мойындамаған.

Айыпталушылардың бірі Ақжол Жандарбеков тергеу изоляторында қамауда отыр. Қосай Маханбаев үйқамақта. Ал қалған 9 адам бостандықта жүр.

Науқас ұлына жиналған 1,3 млрд теңге ақшаны жымқырған Тотақановтарға қатысты тергеу аяқталды Қазақстанда 29 шілдеде бірқатар облыстарда дауылды ескерту жарияланды Димаштың әні алғаш рет Radio Disney эфирінде шырқалды Kaspi Travel қолданушысына ұшу күнін қате көрсеткені үшін 24 млн теңге айыппұл салынған (ВИДЕО) Трамп: «Мен болмасам, әлемде алты ірі соғыс жүріп жатар еді» Алматы облысында 13 жастағы қызды дәрі беріп зорлаған Қазақ футболшысы түркиялық Бешікташ клубынан кетті Ресейдегі ең ірі әуе компаниясына хакерлік шабуыл жасалып, 50-ге жуық рейс тоқтап қалған Атырауда терезесін қараңғылағандар жазаланып жатыр «Жұмбақ»: Кремль Путиннің күн тәртібінде телефонмен байланысы туралы мәлімдеме жасады Шуда мектеп «завучы» ауылдастарын тонаған «Әртіс суретке түсуге міндетті емес»: Баян Мақсатқызы әнші Жұбаныш Жексенұлын қолдады «Пышақпен қорқытып, зорлағанын видеоға түсірді»: Астанада студент қызды қатарласы бірнеше ай бойы зорлап келген Астанада жүкті әйел дәрігерді 2 сағат күтіп, баласынан айырылып қалды (ВИДЕО) Трамп Путинге Украинаның бір бөлігін «табаққа салып» ұсынып отыр – Австрия СІМ басшысы күтпеген мәлімдеме жасады NIS ауыл мектептерімен ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруде Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сот басталды «Көк жигули» мен «18 бен 25» әндерінің авторы Англияда құлпынай теріп жүр Ақтауда жалаңаш ер адам балалардың бөлмесіне кіріп кеткен (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы жол апатына ұшырады: Екі адам қаза тапты