«Жұлыны үзіліп, бел-омыртқасы сынған»: Бағлан Әбдірайымов асылтұқымды сәйгүлігінен айырылып қалды

Аиса Махамбет Редактор
12.04.2024, 20:46
3677
«Жұлыны үзіліп, бел-омыртқасы сынған»: Бағлан Әбдірайымов асылтұқымды сәйгүлігінен айырылып қалды жеке парақшасынан

«Жігіттер» тобының әншісі, актер, продюсер Бағлан Әбдірайымов сәйгүлігінен айырылып, кезінде көзі түскен кәсіпкерге сатып жібермегеніне өкінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесінің асылтұқымды жылқысы биік жардан құлап кеткен. 

“Атам марқұмның ақбоз айғыры болған. Ол кезде баламын. Облыс әкімшілігінің қызметкерлері қымбат дүние мен қосымша ақша ұсынып, ақбоз атқа сауда берді. Атам келіспей, атты бермейді. Үш күн өтпей ақырға ұялап өліп қалды. Бұл оқиғадан сабақ алғанмын. Қатты назар ауғанда саудасы келеді, беру керек. Сол секілді, біздің де жануарға елдер баға берді. Тікелей кездесіп, сөйлеспеген соң сататын ниет білдірмедім. "Zero QARYZ" киносына қаражаттан қиналған сәтте, әлгі адамдар ұсынған баға еске түсе беретін. Бірақ, бұлай боларын кім ойлаған… Атамның басынан өткен оқиғаны қалайша естен шығарып алдым?", – деп өкініш білдірді әнші. 

Сонымен қатар өнер иесі қазақтың көз тию ұғымы да тегін емес екенін айтты. 

“Ей, жануарым-ай...Жардан құлаған ғой. Бел-омыртқасы сынып кеткен. Талай жігіттің арманы болған ат еді. Қандай бағалар беріліп еді. Қимастық болып, сатпап едім. Ол кісілерге де, маған да бұйырмаған екен. Қаншама баптап, бір қазан ет болып қалды. Үйірге жіберіп, биеге асылып, мінез шығарып жүргеніне балаша қуандық. Үйір қайыратын айғырдың әдеті емес пе?! Айдаладағы айғырдан үйірді қызғанып, жарды көрмей қалған. Жұлыны сол жерде үзілген. Намысты жануар қанша тұруға талпынса да, артқы аяқтары қозғалмай жатты. Тек алдыңғы аяғымен жер тепсініп, пырылдап, ызамен жатты. Қандай жануар болса да бір қазан ет болды. Саудасы бітті. Айтпағым: "Көз – жылқыны қазанға, адамды қабірге салады" деген, тіл - көзден аман болайық! Арты кино болсын!", – деп жазды өнер өкілі.

Еске салайық, әнші екі аяғынан айырылған азаматқа көлігін сыйлағанын жазған едік. 

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды