Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккендерге шығынды қалпына келтіру және өтемақы төлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

13.04.2024, 09:49
748
Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккендерге шығынды қалпына келтіру және өтемақы төлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр ашық дереккөзден

Бүгінгі күні біржолғы әлеуметтік төлемге 1345 өтініш берілген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мемлекет басшысы зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. 

«Сіздердің бірде-біріңіз мемлекет назарынан тыс қалмайсыздар, барлығыңызға материалдық және басқа да қажетті көмек көрсетіледі, барлық материалдық шығын өтеледі», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдары аталмыш тапсырманы жүзеге асыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Су тасқыны салдарын жою, соның ішінде зардап шеккендерге мүлікті қалпына келтіруге көмектесу бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.

353 үй зерттелді, оның 159-ы қалпына келтіруге жатады. Бұл үйлерге келтірілген шығын бағаланған соң, тиісті сома төленеді. Қалпына келтірілмейтін 194 үйдің орнына жаңа баспана біреледі.

Оңтүстік өңір тұрғындары және жалпы барлық халық үшін басты көмек - өлген мал үшін өтемақы болып табылады. Залалды өтеу бойынша төлемдер бағалау жұмыстарынан кейін жүргізіледі. Қазіргі уақытта 214 бас малды бағалау бойынша есептер дайын, өтемақы төлене бастаған. Су тасқыны салдарынан барлығы 951 бас мал қырылды.

Зардап шеккен халықты әлеуметтік қолдау жұмыстары су тасқынының алғашқы күндерінен басталған. Бүгінгі күні біржолғы әлеуметтік төлемге 1345 өтініш берілді. 715 өтініш бойынша 166 млн теңге төленді. Өтініштерді қабылдау және төлеу жалғасуда.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады