«Ерке сылқым» күйінің авторы Әбдімомын Желдібаев дүниеден өтті

13.04.2024, 10:16
692
«Ерке сылқым» күйінің авторы Әбдімомын Желдібаев дүниеден өтті бейнежазбадан алынған кадр

Белгілі күйші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Әбдімомын Желдібаев 90 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі күйші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Әбдімомын Желдібаев 90 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Әбдімомын Желдібаев 1934 жылы 15 қазанда Жамбыл облысы Шу ауданында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.

30 жылдан астам уақыт «Шу еркесі» халық аспаптар ансамбліне жетекшілік етті. Композитордың «Арман құс», «Толғау», «Жесір сазы», «Ыдырыс», «Аққу», «Абай арманы», «Жамбыл толғауы», «Тұран елі» сияқты 70-тен астам күйі мен әні бар.

Оның «Ерке сылқым» күйі халыққа кеңінен таралған. Күйшінің атақты туындысы – «Ерке сылқымның» құрметіне 2011 жылы Шу қаласында ескерткіш орнатылған.

«Құрмет», «Парасат» ордендерінің, айрықша белгідегі «Алтын барыс» төсбелгісінің иегері.

Мопедте отырған курьерді еркектер ұрып тастаған (ВИДЕО) Мақпал Жүнісова анасына ерекше сыйлықты тарту етті (ВИДЕО) «Соңына дейін барамын»: Нұрболхан Шарапов қан-жоса күйінде көрінді Астаналық жалаңаш ер адам подъезде қыз баланы қорқытқан (ВИДЕО) Орал қаласында доп теуіп жүрік, ток соққан бала көз жұмды Бір топ жасөспірімге әлімжеттік көрсеткен оқушының ісін министр бақылауға алды Шиелі балабақшасындағы бала қатарласын 25 жерінен тістеп тастаған Енді шенеуніктер қол астындағыларға айқайлауына болмайды Грекияда әскери нысандарды суретке түсірді деген күдікпен Ресейлік тыңшы ұсталды Нью-Йорктегі еврей қауымдастығы қазақ халқына алғыс білдірді АҚШ пен Қытай «Сауда соғысына» байланысты келіссөз бастауы мүмкін Ақтөбелік келіншек туыстарын үй алып беремін деп алдап соққан Ұлттық ұлан Ұлы Жеңістің 80 жылдығын патриоттық акциямен атап өтті Болашақ – бүгін: Visa ЖИ негізіндегі жаңа сауда дәуірінің басталғанын хабарлайды Трамп 8 мамырды АҚШ-тың соғыстағы Жеңіс күні деп жариялады «Бүгін бұршақ жауады»: «Қазгидромет» күн райы болжамын жариялады «Лифтіні сындырған»: Астанада екі ер адам лифтіде бір-бірін сүйген (ВИДЕО) Төреғали Төрәлінің әкесінің желіде жариялаған видеосы көпті алаңдатып қойды Раушан Құдайбергеннің кімге тұрмысқа шығатыны белгілі болды (ВИДЕО) «ЭКСПО ісін» қайта қарау: Ермұрат Бәпи Бас прокуратурадан әділдік талап етті