2023 жылы Қазақстанға келгендердің саны 45,7% өскен
Көшіп келушілердің дені Ресей, Өзбекстан және Түрікменстан азаматтары.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2023 жылы Қазақстанға тұрақты тұруға 25 387 адам көшіп келсе, елден кеткендер саны 16 094 адамды құрады. Осылайша, 2011 жылдан бері алғаш рет көші-қонның сальдосы тіркелді – 9 293 адам.
2022 жылмен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 45,7% артып, елден кетушілер саны 33,3% азайған.
Шетелген көшіп келгендердің басым бөлігі тұру үшін Алматы қаласы (6 409), Маңғыстау (3 546) және Қостанай (2 367) облыстарын таңдаған.
Елдің көші-қон алмасуының негізгі үлесі ТМД елдері арасында жүрген. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 86,3%, ал осы елдерге кеткендердің үлесі 77,3% құрады.
Көшіп келушілері басым болған ТОП 3 елдің арасында Ресей Федерациясы – 11 711 адам, Өзбекстан – 6 519 адам және Түркменстан бар – 1 166 адам.

Сондай-ақ 2023 жылдың қорытындысы бойынша ішкі көші-қонның өсуі байқалады. Ел ішінде көшіп келушілер саны 27,5% өсті. Халықтың көші-қонының оң сальдосы Республикалық маңызы бар үш қалада байқалды: Астана (50 078 адам), Алматы (38 113 адам) және Шымкент (3 416 адам).

Материал авторы