10416

«Бағалайтын жар бұйырсын»: Балжан Бидаштың отбасы жайлы жазбасы желіде қызу талқыға түсті (видео)

Өнер иесі видеоны Instagram-дағы парақшасына жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды.

«Бағалайтын жар бұйырсын»: Балжан Бидаштың отбасы жайлы жазбасы желіде қызу талқыға түсті (видео)
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Балжан Бидаштың әлеуметтік желідегі жазбасы көпшіліктің қызу талқысына түсті. 

"Отбасы құру - бақыт. Оны шаттыққа толтыру - нағыз бақыт.Алақанда аялайтын, шынымен бағалайтын, ашуланып қарамайтын жар бұйырсын, құрбым", - деп жазды Балжан Бидаш. 

Әнші осы видеосы арқылы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы екенін көрсеткен. 

Ал желі қолданушылары әншінің бұл видеосын қызу талқыға салды. 

"Бұл жерде өткен өмірін айтқан жоқ. Қазақстанда зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау білідіріп отыр", "Әйелдерге қолдау білдіріп жатыр", "Бұрынғы өмірін айтқан жоқ. Челленджді жалғастырып жатыр", "Өмірдің ащы шындығы көрсетілген", "Өзіңді құрметтейтін жан жолықсын", - деп жазды желідегілер. 

Айта кетейік, былтыр Жахан Отарғалиев пен әнші Балжан Бидаш ажырасқанын мәлім етті.

Материал авторы