Орынбордағы су БҚО-ға 17-19 сәуір күні келеді – мамандар болжамы

13.04.2024, 19:37
5683
Орынбордағы су БҚО-ға 17-19 сәуір күні келеді – мамандар болжамы ria.ru

Батыс Қазақстан облысында су тасқынының екінші кезеңіне дайындық жұмыстары күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жағдай әлі де күрделі. Ресейдің Орынбор облысындағы су көздерінен Жайық өзеніне көп көлемде су түсуде.

"Судың көбею қарқыны жылдам. Соның салдарынан Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Теректі аудандарының 80-нен астам елді мекені, сондай-ақ Жайық өзенінің бойында орналасқан Орал қаласының аумақтарын су басу қаупі бар", – деді өңір әкімінің баспасөз қызметінің басшысы Ерхан Тәткен.

Мамандардың болжамына сәйкес, Орынбор қаласынан су облысқа 17-19 сәуір күні келеді. 

"Су тасқынының алдын алу бойынша жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде. Бүгінде облыс бойынша Жайықта ұзындығы 72 км болатын бөгет салынып, өзен жағасы нығайтылды. Қазіргі уақытта өзеннің бойындағы қауіп төніп тұрған елді мекендерден тұрғындарды эвакуация жұмыстары жүргізіліп жатыр. Адамдарды қауіпсіз жерге орналастыру үшін сыйымдылығы 8596 орынға есептелген 161 уақытша орналастыру пункті дайындалды. Бүгінгі таңда облыс бойынша эвакуациялық пунктерде 2 мыңға жуық адам бар. Оған қажетті заттар мен азық-түлік, киім-кешектер уақытылы жеткізілуде", – деді ол.

Сонымен қатар, зардап шеккен тұрғындардың шығынын есептеу бойынша арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Бүгінде 677 отбасына 125 млн теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек берілді. Бұл жұмыстар жалғасын табады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды