Алматылық егіздер әскер қатарын толықтырды

14.04.2024, 09:49
529
Алматылық егіздер әскер қатарын толықтырды Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, көктемде Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарына 18-27 жас аралығындағы 1300-ден астам алматылық шақырылатын болады. 

Олардың қатарында ағайынды егіздер Шынболат пен Жанболат Талғатұлы да бар. Бірге қызмет етуге шешім қабылдаған екі егіз Алматы қаласы Алатау ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасына өз еріктерімен барған. 

Оларды сыртқы ұқсастығынан бөлек, көп нәрсе біріктіреді деуге болады. Екеуі де таэквондомен айналысады. Бірнеше жарысқа қатысып, жеңімпаз атанған. Сонымен қатар егіздер Алматы полиграфия колледжін «Баспа машиналарының операторы» мамандығы бойынша бітірген. 

Егіздерді әскер қатарына шығарып салуға туыстары мен достары көптеп жиналды. 

– Әскердегі қатаң талаптан қашпаймыз. Біз тәртіпке үйренгенбіз. Спортпен шұғылдана жүріп, табыстың негізі – тәртіп деген сенімге келдік, –дейді Жанболат Талғатұлы.

Қазірдің өзінде кейбір командалардың Мемлекеттік күзет қызметінің, ҰҚК Шекара қызметінің және Қарулы күштер бөлімшелерінің бір бөлігін қоса алғанда, әскерге шақырылушылармен жасақталғанын айта кету керек.

Ағайынды егіздер Шынболат пен Жанболат Талғатұлының шешімі азаматтық жауапкершілік пен борыш сезіне білудің жарқын үлгісі болып табылады.

Дағыстанда белгілі әншіні жігіті табамен ұрып өлтірген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға шақырған белсенді қамауға алынды «Енді бесікке салыңдар»: Дубайда тұсауын кестірген әйел күлкіге қалды (ВИДЕО) Алматы облысында 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті Былтыр жазда жоғалып кеткен қария өлі күйінде табылды Алматының жаңа әкімі боп Дархан Сатыбалды тағайындалды «19 пойыз шығады»: Қытай Астанаға LRT пойыздарын тасымалдауды бастады Трамп Еуропаға қарсы салық енгізетін болды Димаш Virtuosos шоуының қазылар алқасы боп тағайындалды Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қызметінен босатты «4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды Үш әйел әуежайда жыныс мүшесіне алты келі алтын жасырып өтпек болған Қарағандылық тұрғын Facebook-тегі пікірі үшін 200 мың теңге төледі