Астана оқушылары Қазнетті таң қалдырды

14.04.2024, 10:54
595
Астана оқушылары Қазнетті таң қалдырды Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астананың 105 мыңнан астам оқушысы елордада қаланы санитарлық тазалауға, абаттандыруға және көгалдандыруға бағытталған «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты көктемгі экологиялық акцияға қатысты. 

Сағат 10.00-ден бастап Астананың жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары өз аумақтарын ретке келтіре бастады. Мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналар атсалысты. Қатысушылар арасында отбасыларымен, ата-аналарымен, бауырларымен және әпкелерімен бірге келгендер де болды.

Мектеп оқушылары экоакция туралы алған әсерлерімен әлеуметтік желілерде бөлісіп, фотосуреттер жариялап қана қоймай, сенбілікке шыққан достарын ерекше атап өтеді.

Бүгінгі сенбілікке 6 жасар Әлихан 5-сыныпта оқитын ағасына көмектесуге келді. Бүлдіршін осы мектепте оқуды жоспарлап, өткен тәуліктен бастап сенбілікке дайындалды.

«Менің атым – Әлихан. Мен алты жастамын. Бүгін сенбілікке ағаммен бірге ауланы тазартуға келдім. Біз мектеп ауласын тазаладық. Үйде мен анама ойыншықтарды жинауға көмектесемін. Ағаммен бірге сенбілікке тағы да келемін. Ағамның сыныптастары маған көп кәмпит берді», - деді ең жас эко-белсенді.

7 сынып оқушысы Нұрислам Бұхарбай мұндай сенбіліктерге қатысудың маңызы зор деп санайды:

«Бұл экоакция туралы интернеттен оқыдым, содан сыныптастарыммен бірге қатысатын болдым. Тіпті сенбілік кезінде тиктокқа түсіп те үлгердік. Астана құлпыра түсті. Біз табиғатқа құрметпен қарауды жақтаймыз», - деді.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталды. Ауқымды экологиялық акция бес аптаға созылады, олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналады.

Бірінші апта «Таза өлке» деп аталады. Алғашқы аптада елді мекендердің тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен аулаларды тазартады.

Екінші аптаға «Киелі мекен» атауы беріліп, тарихи-мәдени ескерткіштер аумағын абаттандыру жұмысына бағытталады.

Ал 20-27 сәуір аралығындағы «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызуға, оларды ақтауға арналады.

4 мамырға дейінгі кезең «Өнегелі ұрпақ» деп аталады және ардагерлер аулалары мен қарттар үйлерінің аумағын тазалауға және абаттандыруға арналады.

Соңғы, бесінші аптада «Мөлдір бұлақ» деп аталатын су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады.

Конституциялық Сот ашық екенін көрсетті: медиақоғамдастықпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 18 жасар студент қыз өз ата-анасын «тірідей жерлеген» Қарағандыда 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекетке қайтарылды «Селфиге түсуге болады»: Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды Ақтөбеде кішкентай бала подъездегі баспалдаққа қысылып қалды Пәкістан мен Ауғанстан арасында қақтығыс басталды Путин Назарбаевпен кездесу өткізді Түркияда қазақстандық мұғалім әріптесін зорламақ болған Сәкен Майғазиев ұлының тойына 2000 адамды қонаққа шақырған (ВИДЕО) Декреттегі мұғалім өзінің екі баласын тұншықтырып өлтірген Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген сақ алтындары Ұлттық мұражайға берілді Адвокаттар Қаржаубай Нұрымовқа 120 млн теңге көлемінде моральдық шығын өтеуді сұрады «Атпен сүйреп, атып тастады»: Ер адам әйелін сыныптастарымен кездескені үшін өлтіріп тастады Нұрлан Еспанов келін түсірді (ВИДЕО) Ақтөбеде көпбалалы ана 2 айлық сәбиінің өліміне кінәлі боп шықты 299 баланы наркоз арқылы зорлаған хирург 20 жылға сотталды Түркістанда 12 жастағы оқушыны сыныптасы қылқындырып өлтірген АҚШ соты Трамп енгізген кедендік баждардың көпшілігін заңсыз деп таныды Жәбірленуші тарап куәгер қыздардан қайта жауап алуды сұрады