Адвокаттар Қаржаубай Нұрымовқа 120 млн теңге көлемінде моральдық шығын өтеуді сұрады

29.05.2025, 16:17
2097
Адвокаттар Қаржаубай Нұрымовқа 120 млн теңге көлемінде моральдық шығын өтеуді сұрады бейнежазбадан

Шынасыл мен Сакиевтен 50 млн теңгеден өтемақы сұралды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шерзат Полаттың өліміне байланысты өтіп жатқан сот процесінде жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев соттан Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына ірі көлемде моральдық және материалдық өтемақы өндіруді сұрады.

Адвокаттың сөзінше, Абзал Шынасылдан жерлеу рәсіміне кеткен шығын ретінде 2 млн 794 мың теңге талап етілуде.

Бұдан бөлек, Абзал Шынасыл мен Равиль Сакиевтен жәбірленуші Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына ортақтастық тәртіппен 100 млн теңге көлемінде моральдық зиян өтеу сұралды — яғни, әрқайсысынан 50 млн теңгеден.

Сотқа тартылған өзге тұлғалардан да ортақтасқан үлес негізінде жалпы сомасы 120 млн теңге өтемақы талап етілді. Бұл сома Нұрымовтың өзі ғана емес, оның анасы мен әжесінің пайдасына да есептелген.

«Жерлеу рәсіміне жұмсалған шығындардың түбіртектері қоса тіркелді. Моральдық зиян мөлшері психологиялық сараптама нәтижесіне сүйене отырып есептелді», – деді жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев.

Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды