1526

Нұрлан Еспанов келін түсірді (ВИДЕО)

Көпшілік келінді Нұрлан Еспановтың әйеліне ұқсатты.

Нұрлан Еспанов келін түсірді (ВИДЕО)
жеке парақшасынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Жамбыл облысына қарасты Бауыржан Момышұлы ауданымен құда болды. Алдымен жөн-жоралғысымен құда түсіп, сырға салынып, артынша ұзату тойға ұласқан. Өнер иесінің келінінің есімі – Айнұр. Құда болып әншінің өнердегі достары барды. 

"Құдалық мың жылдық болсын. Бурныйдағы құдалықтан естелік болсын", – деп жазды ол.

Желі қолданушылары да таңданыстарын жасырмай, екі жасқа бақыт тіледі.

"Керемет, текті жермен құда болыпсыз", "Жастар бақытты болсын", "Келін енесінің топырағынан болып тұр ғой", "Келін енесінен аумайды екен",– деп жазды көпшілік. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор