«Атпен сүйреп, атып тастады»: Ер адам әйелін сыныптастарымен кездескені үшін өлтіріп тастады

Аиса Махамбет Редактор
29.05.2025, 15:35
5483
«Атпен сүйреп, атып тастады»: Ер адам әйелін сыныптастарымен кездескені үшін өлтіріп тастады instagram.com/azattykmedia

38 жастағы марқұм сол күні мектептегі 20 жылдық кездесу кешіне қатысқан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қырғызстанның Ош облысы Қара-Кұлжа ауданында ер адам әйелін қызғаныштан қатыгездікпен өлтірді. Бұл туралы марқұмның ауылдастары әлеуметтік желілерде хабарлаған.

Оқиға 26 мамыр күні болған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, 38 жастағы әйел сол күні мектептегі 20 жылдық кездесу кешіне қатысқан. Осы жағдай күйеуінің ашу-ызасын тудырған. Ер адам әйелін үйге келген соң соққыға жығып, арқанмен жылқыға байлап, жермен сүйреген. Кейін оны атып тастаған.

Ош облыстық милициясы бұл ақпаратты растады. 26 мамыр күні 102 пультіне Қара-Кұлжа ауданының тұрғыны алған ауыр жарақаттарынан ауруханаға жетпей көз жұмғаны туралы хабар түскен.

Оқиға бойынша «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Күдікті — 40 жастағы марқұмның күйеуі — ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.

Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды