АҚШ соты Трамп енгізген кедендік баждардың көпшілігін заңсыз деп таныды

29.05.2025, 12:15
673
АҚШ соты Трамп енгізген кедендік баждардың көпшілігін заңсыз деп таныды Getty Images

Бұл заң президентке «шексіз билік бермейді» деп мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ-тың Халықаралық сауда істері жөніндегі федералдық соты Дональд Трамптың басқа елдерге қатысты енгізген кедендік баждарын заңсыз деп таныды. Бұл шешім 28 мамыр күні шығарылды.

Соттың мәлімдеуінше, Трамп бұл шараларды қабылдауда өз өкілеттігін асыра пайдаланған. Ол салықтарды «Халықаралық төтенше экономикалық өкілеттіктер туралы заңға (IEEPA)» сүйене отырып енгізген.

Алайда сот бұл заң президентке «шексіз билік бермейді» деп мәлімдеді. Қалыпты жағдайда мұндай шешімді Конгресс қабылдауы тиіс. Президент тек «ерекше және төтенше қауіп төнген жағдайда» ғана әрекет ете алады, бірақ бұл жағдайда ондай қауіп дәлелденбеген.

АҚШ үкіметі сот шешіміне наразылық білдіріп, апелляциялық шағым түсіретінін хабарлады. Ақ үй өкілі Куш Десаи мәлімдеме жасап, «елдегі төтенше жағдайларға қалай әрекет ету керектігін сайланбаған судьялар шешпеуі керек» деді. Оның айтуынша, Трамп әкімшілігі бұл шешімге қарсы күресу үшін барлық атқарушы тетіктерді қолданбақ.

Ердоған Ресей мен Украинаны тағы бір келіссөз өткізуге шақырды Дене шынықтыру мұғалімі 14 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді Конституциялық Сот ашық екенін көрсетті: медиақоғамдастықпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 18 жасар студент қыз өз ата-анасын «тірідей жерлеген» Қарағандыда 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекетке қайтарылды «Селфиге түсуге болады»: Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды Ақтөбеде кішкентай бала подъездегі баспалдаққа қысылып қалды Пәкістан мен Ауғанстан арасында қақтығыс басталды Путин Назарбаевпен кездесу өткізді Түркияда қазақстандық мұғалім әріптесін зорламақ болған Сәкен Майғазиев ұлының тойына 2000 адамды қонаққа шақырған (ВИДЕО) Декреттегі мұғалім өзінің екі баласын тұншықтырып өлтірген Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген сақ алтындары Ұлттық мұражайға берілді Адвокаттар Қаржаубай Нұрымовқа 120 млн теңге көлемінде моральдық шығын өтеуді сұрады «Атпен сүйреп, атып тастады»: Ер адам әйелін сыныптастарымен кездескені үшін өлтіріп тастады Нұрлан Еспанов келін түсірді (ВИДЕО) Ақтөбеде көпбалалы ана 2 айлық сәбиінің өліміне кінәлі боп шықты 299 баланы наркоз арқылы зорлаған хирург 20 жылға сотталды Түркістанда 12 жастағы оқушыны сыныптасы қылқындырып өлтірген