556

Жас ғалымдар кеңесі жаңа құрамының алғашқы отырысы өтті

Енді Жас ғалымдар кеңесінің отырыстары тоқсан сайын өткізілетін болады.

Жас ғалымдар кеңесі жаңа құрамының алғашқы отырысы өтті
the-steppe.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада Жас ғалымдар кеңесінің жаңа құрамы өз жұмысын бастап, алғашқы отырысын өткізді.

Отырысқа ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки, Ғылым комитетінің төрағасы Ғалымжан Жанқуатов, жас ғалымдар кеңесінің мүшелері қатысты.

Вице-министр Дархан Ахмед-Заки жас ғалымдардың алдында құттықтау сөз сөйлеп: «Жас ғалымдардың жаңа құрамының алдында нақты міндеттер тұр, біз оны дамыту аясында сындарлы диалог болады деп үміттенеміз» деп атап өтті.

Ғылым комитетінің төрағасы Ғалымжан Жанқуатов өз сөзінде бұрынғы құрамдағы Жас ғалымдар кеңесінің мүшелерінің ғылым саласының дамуына қосқан үлестерін ерекше атап өтті.

Жиын барысында Жас ғалымдар кеңесінің жаңа құрамы белгілі болды. Жаңа құрамға Арманбек Өмірғали, Дидар Еділхан, Раушан Аймағамбетова сынды жас ғалымдар енді.

Кеңестің алдында Мемлекет басшысының жас ғалымдарды қолдау жөніндегі тапсырмаларын орындау, ғылымды реттеу механизмдеріне ұсыныстар енгізу және т.б. міндеттер тұр.

Материал авторы