1717

«Енді бәрі басқаша»: Жұлдыз Әбдікәрімова туған күнін Корея елінде қарсы алды

Өнер иесі 36 жасын Оңтүстік Кореяда қарсы алуды шешкен.

«Енді бәрі басқаша»: Жұлдыз Әбдікәрімова туған күнін Корея елінде қарсы алды
жеке парақшасынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова 14 сәуірде 36 жасқа толды. Өнер иесі туған күнін Корея елінде қарсы алды. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды. 

"Асықпай, кешікпей келген 36 жасым маған нені түсіндіргісі келеді? Енді бәрі басқаша болатынын жүрек сыбырлайды", - деп жазды Әбдікәрімова Instagram желісіндегі Stories-інде.

Актриса бірер күн бұрын Корея Республикасында сол елдің ұлттық киімімен түскен видеосын жариялаған еді.

"Бірнеше шаруаларымнан бөлек осы сәуір айында болатын Сакураның гүлдейтін кезеңіне түсуді де мақсат еткен едім", - деп жазды ол осы сапары туралы.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор