«Оларға скотч неге қажет болды?»: Нүкенованың туыстары Байжановтың сотта шындықты айтпағанын мәлімдеді

Аиса Махамбет Редактор
14.04.2024, 20:08
1517
«Оларға скотч неге қажет болды?»: Нүкенованың туыстары Байжановтың сотта шындықты айтпағанын мәлімдеді jogargy_sot

Бұл туралы Самал Нүкенова Instagram парақшасында жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Салтанат Нүкенованың әпкесі Самал Нүкенова сіңлісін өлтірді деп күдікке ілінген Қуандық Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжановтың сотта берген жауабына күмән келтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

"Біздің отбасы Байжановты кешірмейді. Эмоционалды янышты сөздердің артынан шындықты көрмедік! Оның спектакльді қалай керемет ойнағанын барлығы байқады деп үміттенемін (жанжал, қарғыс туралы айтқаны және т.б.). Бірақ осы шоудың артында ол (Бишімбаев - авт.) нұсқасын толық қолдайды. Азаптауды растайды, ол үшін (Бишімбаевқа – авт) ең көбі 2 жыл беріледі. Бірақ асқан қатыгездікпенн кісі өлтірілгенін растамайды, ал бұл ұзақ жыл бойы немесе өмір бойы түрмеге тоғытуы мүмкін аса ауыр қылмыс!”, – деді Самал Нүкенова. 

Оның сөзінше, Байжанов көлікті неге паркингке апарғандарын, неге денені көрпемен орағандарын ашып айтқан жоқ.

“Оларға скотч неге қажет болғанын, заттай дәлелдемелер қайда екенін айтпады. Мүсәтір спирті қайда кетті? Егер олар ояту үшін бір бөтелке пайдаланса және ол оянбаса, бұл жайт біртүрлі көрінбеді ме? Аяқкиім мен штативте иістер мен іздер жоқ (бірақ біз нашатырь иістер мен іздерді жақсы кетіретінін білеміз). Гастроцентр ауданын қоршап алған мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлері оларға қалай кедергі келтіргені туралы да айтқан жоқ!" - деп жазды Самал Нүкенова.

Бұған дейін Салтанат Нүкенованың ағасы Қайрат Нүкенов Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжанов шындықты айтса, кешіретіні туралы ақпарат таралған.

Еске сала кетейік, Бақытжан Байжанов қылмысты жасырды және хабарламады деген айыппен жауапқа тартылып жатыр.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды