Солтүстік Қазақстанда бір түнде 400-ден астам үй су астында қалды

15.04.2024, 10:07
1034
Солтүстік Қазақстанда бір түнде 400-ден астам үй су астында қалды azattyq-ruhy.kz

Солтүстік Қазақстан облысында су басқан үйлердің саны 2122-ге жетті. Өткен тәулікте 436 үйге су кірген.

Петропавл тұрғындары тасқынынан ең көп зардап шекті – 1105 үй су астында қалған. Сондай-ақ Қызылжар ауданында 867 тұрғын үй суға кетті. 

Тасыған Есіл өзенінің суы төмен қарай кетіп барады. Сондықтан өткен тәулікте тасқын су Соколовка, Вишневка, Ольшанка, Большая малышка елді мекендеріне кірді. Мұндағы тұрғындар жедел түрде эвакуацияланды.

Қазір қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындардың саны 10 345 адамға жетті. Оның 3 мыңы өткен тәулікте эвакуацияланды. 10 мыңға жуық адам туған-туыстарын паналаған. 

Үй жануарлары да қауіпсіз жерге шығарылып жатыр, олардың жалпы саны – 4 мыңға жуық.

Су тасқыны басталғалы өңірде жол учаскелерін 69 рет шайды. Қазіргі уақытта 17-сінде су жатыр, оның алтауы – республикалық маңызы бар автожолдар.

Петропавлға кіре берістегі «Жезқазған-Петропавл» А-16 автожолының 954 км-нің жарты шақырымын су басты. Тереңдігі – 75 см. Қазір бұл жерде тек жүк көліктері ғана өтіп жатыр.

«Челябі-Новосібір» М-51 халықаралық маңыздағы автожолдың 527-529 км су басты, ұзындығы 2 км, тереңдігі 210 см асып кетті.

Республикалық маңызы бар Р-49 Петропавл айналма жолының 3-8 км, ұзындығы 1 км, тереңдігі метр және осы жолдың 11-14 км – ұзындығы жарты км, тереңдігі – 25 см – суда қалды. 

СҚО-да қауіпті жағдай әлі де сақталған. Сергеев су қоймасында су деңгейі өткен тәулікте -29 см-ге түсті, қазір шамамен 152 % толған. 

Петропавл су қоймасының деңгейі көтеріліп келеді. Өткен тәулікте 57 см-ге көтеріліп, 114,78% толды.

Теміртауда зейнеткерді аяусыз соққыға жыққан жасөспірімдер қамауға алынды Владимир Зеленский Украинаның Қазақстандағы елшісін өзгертті «Жүкті болып қалғанда жігітім тастап кетті»: Аида Кауменова некесіз бала туғанын айтты «2 млн теңгеге сөмке аламын»: Маржан Арапбаева брендке қатты қызығатынын айтты «Ұзын етекті көйлектер ұнамайды»: Баян Мақсатқызының жаңа образы қызу талқыға түсті Болашаққа мүмкіндік: «Самұрық-Қазына» 170-тен астам жаңаөзендік жасқа қолдау көрсетті Астана әкімдігі гейлер арасында ВИЧ-тің таралмауына 15 миллион теңге бөлді Қарағандылық бас тергеуші қылмысқа қатысты айғақтарды ұрлаған Алматыда ер адам әйелді темір сойылмен ұрған (ВИДЕО) Астанаға әйгілі Дженнифер Лопес келеді Еліміздің су қоймаларындағы бүгінгі жағдай қалай? «Әже» кітабының тұсауы кесілді «Жаңбыр, найзағай»: 8 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Ресей үшін соғысқан қазақстандықтар Украинада тұтқын боп отыр Қызғалдақ терген әйел 12 млн теңге айыппұл төлеуі мүмкін Шуда қайтыс болған әйелдің туыстары ауруханаға шабуыл жасады (ВИДЕО) «2,4 миллион теңге»: БҚО-да 40 мұғалімге тиесілі сыйақысы берілмегені анықталды Трамптың баж салығынан құтылғысы келген Apple телефондарын жаппай жөнелтті «Қара наймандар дүниеге келеді»: Қуат Хамитов сүйіктісін тапты Тәтті жегісі келген оралдық ер адам дүкеннің терезесін сындырып, шоколад ұрлап кеткен (ВИДЕО)