1264

Димаш Құдайберген су тасқыны кезінде Қазақстанға көмектескен шетелдік жанкүйерлеріне алғыс айтты

Әнші Димаш Құдайберген су тасқыны кезінде Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберіп жатқан шетелдік тыңдармандарына алғыс айтты.

Димаш Құдайберген су тасқыны кезінде Қазақстанға көмектескен шетелдік жанкүйерлеріне алғыс айтты
kudaibergenov.dimash

Әнші бұл туралы Instagram-дағы парақшасында жазды.

«Әлемнің әр еліндегі тыңдармандарым осындай қиын кезеңде менің еліме гуманитарлық көмек жіберіп жатыр деген ақпарат жетті. Маған және менің еліме қолдау көрсетіп жатқандарыңызға көп рақмет. Сіздерді жақсы көремін», – деді әнші.