625

Қазақстандық балуан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Бішкекте күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында грек-рим күресінен қазақстандық балуан Ибрагим Магомадов қол медаль жеңіп алды.

Қазақстандық балуан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды
ҚР ҰОК
 

77 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған отандасымыз қола медаль үшін белдесуде Иран балуанын 4:3 есебімен тізе бүктіріп, ел қоржынына бүгінгі екінші жүлдені сыйлады.

Осыған дейін грек-рим күресінен 63 келі салмақта бақ сынаған Ержет Жарылқасын Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алғанын жазған болатынбыз.

Айта кетсек, Магомадов турнир барысында әлем чемпионы, қырғызстандық Ақжол Махмұдовқа есе жіберген болатын.