СҚО-да су тасқынының екінші толқыны басталды

15.04.2024, 19:31
629
СҚО-да су тасқынының екінші толқыны басталды Орал Әмiренов

Петропавлда бірер күнде су тасқыны шарықтау шегіне жетеді деп болжанған. Бұған дейін мыңға жуық тұрғын үй суға кеткен Қызылжар ауданында су деңгейі біртіндеп түсе бастады.

 

Облыстық штабта өткен брифингте СҚО ТЖД басқармасының бастығы Сәкен Ағзамов әлі 15 ауылды су басу қаупі бар. Сондықтан қазір негізгі күш осы елді мекендерге жұмылдырылған. Олардың барлығы Есіл өзенінің маңында орналасқан.

«Большая малышка» ауылында қазір эвакуация жүріп жатыр. Бұл елді мекенде 5 күннен бері біздің мамандар жұмыс істеуде. Қажет болған жағдайда Петропавлдан тағы да көмек барады. Барневка, Кустовое, Вагулино, Ольшанка сияқты шағын елді мекендер тасқын судың жолында тұр. Олардың барлығын бақылауға алдық. Кейбірінен тұрғындар толық қауіпсіз жерге көшірілді. Соколовкамен байланыс үзілуі мүмкін. Қасынан республикалық маңызы бар автожол өтеді, оны су басады деп болжап отырмыз. Жолды сақтап қалу үшін бекіту жұмысы жүргізіліп жатыр», — дейді Сәкен Ағзамов.

Сондай-ақ облыста су тасқынының екінші кезеңі басталды. Тоқсан би ауылы маңындағы Есіл өзені деңгейі өткен тәулікте 3 см-ге көтерілген. Су Ақмола облысындағы Терісаққан, Жабай және Қалқұтан өзендерінен келіп жатыр.

«Бүгін Петропавл маңында су тасқынының шарықтау шегі тіркелмек. Облыс орталығында 17-18 сәуір күндеріне болжанған. Петропавл су қоймасындағы су деңгейі 1340 см-ге дейін көтерілді, қауіпті деңгей 940 см. Долматово ауылы маңында Есіл өзені қарқынды көтеріліп жатыр. Қазір су деңгейі 1425 см болса, қауіпті көрсеткіш — 1450 см. Ал екінші толқынға келер болсақ, Тоқсан би ауылы маңында Есіл өзенінде — 15-20 сәуір аралығында, Сергеев су қоймасында — 16-21 сәуір аралығында, Покровка ауылында — 18-23 сәуір, Новоникольское елді мекенінде — 20-25 сәуір аралығында, ал Петропавлда — 22-27 сәуір аралығында су тасқынының екінші кезеңі өтпек», — дейді «Қазгидромет» РМК СҚО филиалының директоры Қымбат Мерғалимова.

Жамбылда екі мектеп оқушысын көлік қағып кетті (ВИДЕО) «Жастарым да «көгілдір»»: Ринат Зайытов мәдениет саласындағы марапат алғандарды сынады Әлішер Каримов президенттің қолынан Халық әртісі атағын алды (ФОТО) «Сондай жағдай болып қалды»: Сотталушы Шерзат Болаттың отбасынан кешірім сұрады Сотта Шерзат Болаттың мәйітінің суреті көрсетілді Сәтбаев университетінің заңсыз сатылған жатақханасы қайтарылды «Шерзатқа пышақты мен салдым» деген едіңіз»: Абзал Шынасыл тағылған айыпты жартылай мойындап отыр «Кезби» мұнай компаниясының басшысы Ержан Кезбаев 3 млрд теңге ақша жымқырғаны үшін сотталды Кісі өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылдың сөздері күмән тудырып жатыр 52 жастағы әйелге найзағай түсіп қаза болды «Анам жылап жіберді»: әнші Бүркіт төртінші сәбиін перзентханадан ерекше қарсы алды (ВИДЕО) Психдиспансерде есепте тұрған ер адам полицейдің мойнын орып жіберген «4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл