Жел күшейіп, жаңбыр жауады: 17 сәуірге арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» 17 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Бүгін атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстан территориясының басым бөлігінде күн жаңбырлы болады.
Республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Тек еліміздің оңтүстік-батысында, қиыр шығысында күн жауын-шашынсыз болады.
ҚР бойынша найзағай ойнап, тұман түседі, жел күшейіп, оңтүстікте дауыл тұрады, солтүстікте бұршақ жаууы ықтимал.