Қазақстанда мопед жүргізушілеріне жаңа талаптар қойылады

17.04.2024, 11:55
1042
Қазақстанда мопед жүргізушілеріне жаңа талаптар қойылады canva.com

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Жол жүрісі туралы» Заңына жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

 

«Заң жобасы көліктің осы түрінің қозғалысын реттеу жөніндегі жұмыстың жалғасы саналады. Себебі мопедтердің көбеюі жолдарда олардың қозғалысын реттеуді қажет етеді. Қазір мопедтер арзан көлік түрлерінің бірі. Мопедтердің көбеюі де жолдардағы көлік апаттарына әсер етеді. Тек 2023 жылы апат саны 750 болды, бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда төрт есе көп», - деді Мәжіліс депутаты Екатерина Смышялева.

Заң жобаларында:

- қозғалтқыш көлемі 50 текше сантиметрден кем мопедтерді мемлекеттік тіркеу;
- мопед жүргізушіне қойылатын талаптарды белгілеу;
- жергілікті атқарушы органдарға электр самокаттарды пайдалану тәртібін айқындау бойынша құзырет беру;
- жол қауіпсіздігін цифрландыру бойынша нормалар ұсынылды.

«Сонымен қатар, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің аясында рұқсат етілген жылдамдықты әлдеқайда асырып жүретін адамдардың жауапкершілігін күшейтуді ескерілген. Мұнымен қоса, мопед жүргізушісін механикалық көлік құралдары жүргізушімен теңестіру қарастырылған», деді депутат.

Бұдан бөлек, жолдарды және жол құрылысжайларын күтіп ұстауға байланысты құқық бұзушылықтарды қайталап жасағаны үшін лауазымды адамдардың жауапкершілігі артады.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген