"Екі жаққа кетуіне әжем кінәлі": Зарина Омарова ата-анасының ажырасу себебін айтты

17.04.2024, 12:59
4631
"Екі жаққа кетуіне әжем кінәлі": Зарина Омарова ата-анасының ажырасу себебін айтты zarina_omarova_official

Танымал әнші Зарина Омарова балалық шағын еске алып, ата-анасының ажырасу себебін де жасырмады. Бұл туралы ол “Ойбай” подкасында айтып берді.

Stan.kz хабарлауынша, Заринаның әкесі, есімі елге белгілі сазгер – Марат Омаров. Өнер иесінің айтуынша, композитордың “Сыңарымсың”, “Қыз сыны” әндері анасына арналған. 

“Анам – әкемнің музасы еді. Ол кісінің де сазгерлік қабілеті бар. Халыққа кең тараған “Анашым” әнінің кейбір сөздерін анам жазған. Бірақ автор ретінде көрсетілген жоқ. Мен 3-сынып оқып жүргенде әкем мен анам екі жаққа кетті. Ол кезде әкемнің атағы жер жарып тұрған еді. Елге танылып, айлап “Тамашамен” гастрольге кететін. Анам 3 бала және енесімен үй шаруасында болатын. Оның үстіне әжемнің мінезі қатты болды. Ене деген қатал болып, келінді бос жібермеуі керек деп отыратын. Сол тілегі қабыл болып, ата-анамды ажырастырды. Мамамның да мінезі бар. Екеуінің болмыстары негізі ұқсайды. Араларында үнемі ұрыс-керіс, өкпе-реніш қана жүретін. Әкем ондай жанжал кезінде құлағын басып, далаға қашты. Соңында анасының сөзін тыңдап, шығармашылығына арқау болған музасынан ажырасты. Бала болсам да, маған қатты ауыр тиді. Ол кезде ес біліп қалған кезім еді”, – деп жан сырын ақтарды әнші.  

Сонымен қатар әнші артынан ерген бауырлары туралы да айтып берді. Өнер иесінің айтуынша, інісі екеуі ғана өнерге жақын көрінеді. 

“Әкемнің бірінші некесінен 3 баламыз. Мен үйдің үлкенімін. Інім мен сіңлім бар. Сіңлім өнерге қызықпайды. Ғылымды игеру, тіл үйрену деген салаға қызығады. Ініме әкемнің сазгерлігі, музыка жазуы дарыған. Бірақ қазір бизнес саласында жүр. Бала күнінде киноға түскені бар. Одан кейін футболдан тренер. Әкемнің жолын қуған мен ғана. Әкемнің екінші некесінен қыз бар. Ол сіңліммен де араласамын. Есімі – Зульфия. Оның анасымен үш жыл ғана тұрды. Қазіргі жұбайымен Америкада тұрып жатыр. Ол некеден де бір қыз бар. Америкадағы ең мықты музыка академиясына түскесін, әкем мен анасы сол жаққа қоныс аударды. Ол бауырымның да жетістіктерімен мақтанамын”, – деп айтты өнер иесі. 

Қазақстанның 20 ауыл мектебі Google for Education жобасына қатысады Жастардың көзімен: Қазақстандағы тау-кен өндірісін дамыту жолдары «Жаны қысылды»: Айсәуле Бақытбек анасына тағы аяғы ауыр екенін айтып, оны шошытып алды «Фарида сияқты қыздар ғой»: Ұлықпан Жолдасовтың әйелі халықтан сөз естіді «Баха, машинаны жәй айдашы» дедім»: Досым Сүлеев досы Бақытжан Жұмаділовтің қалай қайтыс болғанын айтты «Пися деп жазып қойған»: блогер Дарикорнның дауына қатысты министрлік түсініктеме берді Дене шынықтыру сабағында оқушы қыз саусағынан айырылып қалды Балуан Ризабек Айтмұхан үйленді (ВИДЕО) Сандық трансформация дәуіріндегі құқық: MNU-да төрт елдің студенттері ТМД-дағы алғашқы Легатонда сайысқа түсті Рим Папасы Франциск қайтыс болды «Досымда бомба бар»: Жасөспірімнің әзілінен соң ұшуға шектеу қойылды Шымкенттік оқушы қыз шетелдегі ең үздік 10 жоғары оқу орнынан шақырту алды Аштық ойындары: Таразда адамдар тортқа таласты (ВИДЕО) Шымкенттік блогер мұғалімнен 1,2 миллион теңге бопсалаған Мәсімовтің 1,8 миллиард теңгеге бағаланған зәулім үйі тағы да сатылымға қойылды Тоқаев «Жастар» саябағында ағаш екті Бүгін магниттік дауыл болады «Мектепке жаңадан келген, ешкіммен араласпайды»: Оралда ұрлықшы бала сот алдында жауап берді Павлодарлық еркек полиция қызметкерін пышақтап тастады Әйелінің жұмыс орнын қиратқан тұрғын сотталды