Бишімбаев ісі: Мәскеуде жасалған сараптама істен алынып тасталды

17.04.2024, 11:10
542
Бишімбаев ісі: Мәскеуде жасалған сараптама істен алынып тасталды Жоғарғы сот

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Салтанат Нүкенованы аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Бүгін судья Айжан Құлбаева Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары жасатқан сот медициналық сараптаманы сот қаулысымен істен алып тастады. 

Судьяның айтуынша, сараптама жасау жөнінде сотқа уақтылы хабар берілмеген. Сәйкесінше, сараптама заң бұза отырып жасалған.

Еске сала кетейік, 16 сәуір күнгі сотта Бишімбаевтың қорғаушылары өз бастамасымен Мәскеуде жеке сот медициналық сараптама жасатқанын мәлімдеген болатын. 

Прокурор Айжан Аймағанова оны істен алып тастау керек екенін алға тартып, судьяға өтініш жолдады.

Прокурордың айтуынша, құзырлы органдар жеке сараптама жасалып жатқанын хабарсыз болған. 

Сондай-ақ, сараптама жасаған РФ азаматтарын ешқандай жауапкершілікке тарту мүмкін емес.

Бұл ретте олар жалған сараптама жасауы мүмкін деген күмән бар.

Айта кетейік, ресейлік сарапшылар Салтанат Нүкенованың өлімі 3-4 апта бұрын пайда болған жарақаттан болуы мүмкін деген қорытынды жасаған еді.

Ал бұл — қазақстандық сарапшылардың тұжырымдамасына қайшы.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады