«Темірәлі перғауын»: Желіде мерейтойын ерекше образда тойлаған азаматтың видеосы қызу талқыға түсті

17.04.2024, 15:59
1261
«Темірәлі перғауын»: Желіде мерейтойын ерекше образда тойлаған азаматтың видеосы қызу талқыға түсті Бейнежазбадан

Әлеуметтік желіде «Дау-дамайсыз» бағдарламасының жүргізушісі, журналист Гүлмира Әбіқай «Бұл Темірәлі перғауын» деген атпен видео жариялады.

«Қазақпыз ғой. Бір шетінен жақсы болды, лентаны ашып қалсаң жарқ ететін Бишімбаевтың сотынан теманы ауыстырайықшы. Менің оқырмандарым арасынан Темірәлі көкеміздің мерейтойына кім бар, қане, мойындаңдар» деп әзілдеп жазба қалдырды Гүлмира Әбіқай. 

ERNUR.KZ хабарлауынша, видеодан жасы елуді алқымдаған белгісіз азаматтың Мысыр патшасы Перғауын бейнесіндегі киімді киіп алып, темір таққа отырып, тойхананың төріне кіргенін байқауға болады. Оны арнайы киімдегі адамдар көтеріп кірген, ал жан-жағында мысыр патшайымдары образыме киінген қыз-келіншектер қоршап, қошеметпен күтіп алған. 

Бұл көрініс «Инстаграмда» қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары бұл мерейтойдың осыдан 2-3 ай бұрын Жаңаөзен қаласында өткенін айтты.

«Адам деген пенде екен, қуам десе демде екен, көкем алжыпты», «Қап, 50-ге сәл ерте толып қойыппын, әйтпесе Клеопатра боп шығар едім, білмей қалдым», «Еліктеп әйелдері ұйымдастырады, оған еркектері елітіп, жасай салады. Қайран әкелеріміз-ай, өмірден еркек боп өткен...», «Ақтаулықтарға не болған, намыс қайда?», «Мына кісі перғауынның кім екенін білмей қалған-ау», «Перғауын өзін Құдай санайтын, озбыр адам ғой. Осы образды таңдағаны өте өкінішті. Қазақтың батырлары құрып қалды ма?», «Жаным-ай, қазаққа мақтануды берсе алдына жан салмайды ғой», «Сүндеттеліп жатыр ма, бала сияқты таққа отырғаны несі?!», «Елуге келсе де ес кірмепті», «Несі бар, достарының арасында әзілдегісі келген шығар», «Мына кісі рөлге қатты кіріп, беріліп кетіпті» деп жазды көпшілік.


Атышулы немересі өлтіріп кеткен экс-әкім мен әйелінің ісі: марқұмдардың жәбірленуші қызы мұраға таласып жатыр «Сатқындық жасағанымды мойындадым»: Тұрсын Алагөзов бұрынғы әйеліне шарт қойған (ФОТО) «Ту сыртынан шабуылдаған»: 10 жасар бала күдікті ұрлап бара жатқан қызды құтқарып қалды Енді жасанды интеллект қатерлі ісік кезіндегі өмір сүру ұзақтығын селфи болжай алады «Багажға салып, ұрады»: Ақтауда тұрғындар иттерді құтқаруды талап етіп жатыр (ВИДЕО) Жаңа Рим папасы Арыстан XIV Украина мен Газадағы соғысты тоқтатуға шақырды Үш дүркін «Қазақстан барысы» атанған Бейбіт Ыстыбаев 40 жас мерейтойын өткізді (ВИДЕО) «Путин, сылтауратпашы!»: Зеленский 15 мамыр күні Ыстамбұлда Путинмен шұғыл кездесуге баратынын айтты «Күдіктілер 15 жаста»: Атырауда бір топ жасөспірім 2 балаға зорлық пен қастық жасаған (ВИДЕО) Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Құрбан айтта қанша күн демалыс беріледі? Қайрат Нұртастың әйелі балалары автобуспен жүретінін айтты (ФОТО) «Мені тойға шақыра бермеңдер!»: Астаналық бойжеткеннің видеосы желіде пікірталас тудырды (ВИДЕО) Мамырда Қазақстанның оннан астам өңірінде құрғақшылық болады Каспий жағалауында тағы да итбалықтар мен құстар қырылып жатыр (ВИДЕО) Ұлттық госпиталь Сара Назарбаеваның сырқатына қатысты пікір білдірді Токиода қазақтың күйін әуелеткен жапон музыканты жұртты тәнті етті (ВИДЕО) «Американың Невадасы жолда қалды»: Желіде Тұзбайырдың табиғаты көпті таңғалдырды (ВИДЕО) Макрон мен Мерц Ресейге санкциялармен сес көрсетіп, Украинаны қолдауға уәде етті «Талайды тірілттім»: Астанадағы парадқа кіре алмаған ардагер сұхбат берді