"Су деңгейі одан әрі көтеріледі": "Қазгидромет" Қазақстан бойынша су тасқынына қатысты ақпаратты жариялады

17.04.2024, 17:46
613
"Су деңгейі одан әрі көтеріледі": "Қазгидромет" Қазақстан бойынша су тасқынына қатысты ақпаратты жариялады БҚО әкімдігі

"Қазгидромет" РМК Қазақстан бойынша су тасқынына қатысты қазіргі ақпаратты жариялады.

Ақтөбе облысынан келіп құйылатын өзендерде су тасқынының шарықтау шегі өтті.

Болжамға сәйкес сәуірдің үшінші онкүндігінде, яғни 2024 жылғы 28-29 сәуір аралығында БҚО аумағынан су тасқынының толқыны келеді деп күтілуде. Бұл ретте су деңгейі 550 см қауіпті белгіден асады, ол судың өзен алқабынан шығып, Махамбет ауданында Жайық өзенінің бойында орналасқан елді мекендерді (Махамбет, Талдыкөл) және Атырау қаласының әкімшілік аумақтарын (Алмалы, Береке, Еркінқала, Дамба) су басуға  әкеледі.

Анықтама: 1994 жылы су деңгейі 600 см-ге жеткен кезде Махамбет, Алмалы, Соколов, Береке елді мекендері су астында қалды.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ағымдағы су тасқыны жағдайы.

Қазіргі уақытта облыс аумағында жазық аймақта қардың еруіне, беткейлік ағындының пайда болуына және өзендердің мұзы жарылып, сең жүруіне байланысты су тасқынының алғашқы толқыны байқалуда, ол сәуір айының ортасына дейін жалғасады.

Батыс Қазақстан облысы бойынша ағымдағы су тасқыны жағдайы.

Облыстың ішкі өзендерінің көбінде су тасқынының шарықтау шегі  өтті.

Ресей Федерациясынан (Орынбор қ.) Орал қаласына судың келуіне байланысты Жайық өзеніндегі су тасқынының шарықтау шегі 2024 жылғы 18-20 сәуір аралығында күтіледі.

Орал қаласына судың келуі 2024 ж. 16-20 сәуір аралығында күтіледі, болжанып отырған су деңгейі 2024 ж. 19 сәуірде 990 см-ге дейін, ал 2024 ж. 20 сәуірде 1038 см-ге дейін жетуі мүмкін.

Орал өзені – Орал қаласының гидрологиялық бекетіндегі  шектік белгі 850 см құрайды, одан асып кеткен кезде судың Шаған өзеніне кері ағуы байқалады, бұл Орал қаласының саяжай алаптарын су басуға әкеледі. Сондай-ақ,  Бөрлі, Бәйтерек, Теректі, Ақжайық аудандарында Жайық өзенінің бойында орналасқан елді мекендер қауіп-қатерлі аймаққа жатады.

Қостанай облысы бойынша ағымдағы су тасқыны жағдайы

Облыстың көптеген өзендерінде су тасқынының шарықтау кезеңі өтіп, су деңгейінің төмендеуі байқалады.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ағымдағы су тасқыны жағдайы.

Облыстың ішкі өзендерінің көбінде су тасқынының шарықтау шегі өтті (бірінші толқын).

Ақмола облысында орналасқан Есіл өзенінің салаларынан (Терісаққан, Жабай және Қалқұтан өзендері) судың келіп құйылуына байланысты Есіл өзенінде су тасқынының екінші толқыны басталды.

Гидробекеттер бойынша Есіл өзеніндегі су тасқынының екінші толқынының шарықтау шегі күтілетін күндер:

- Есіл өз. - Тоқсан би ауылы ГБ - 2024 ж. 15-20 сәуір

- Есіл өз. - Покровка ауылы ГБ  - 2024 ж.  18-23 сәуір

- Есіл өз.  - Новоникольск ауылы ГБ -  2024 ж. 20-25 сәуір

- Есіл өз. - Петропавл қ. ГБ - 2024 ж. 22-27 сәуір

Ақмола облысы бойынша ағымдағы су тасқыны жағдайы

Ақмола облысының басым бөлігінде су деңгейінің ауытқуы жалғасуда, кей жерлерде қауіпті белгілерден асып кетуі, еріген ағын судың жетуі, өзеннің тасуы мен қар суының салдарынан су басқан елді мекендер мен автожолдардың жайылма учаскелеріне судың жетуі сақталуда.

Жабай, Қалқұтан өзендерінде және Жыланды өзенінің (Жабай өзенінің саласы), Боқсық өзенінің, Аршалы өзенінің (Қалқұтан өзенінің салалары) бүйір салаларында су тасқыны бәсеңдеуде.

Есіл өзенінде (СҚО-мен шекара) Державинск ГБ және Каменный карьер ауданында (Ақмола облысы)

Жабай өзені, Жыланды өзені, Аршалы өзені, Боқсық өзені, Қалқұтан өзені бүйір салаларынан ағын судың жетуіне байланысты су тасқынының екінші толқыны өтуде. Су деңгейі одан әрі көтеріледі деп күтіледі.

«Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО) «Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды